КОЛЛАБОРАТИВТІ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ  ОРТАСЫНДА   БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ  ЦИФРЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ: https://edu-collaboration.kz/ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Авторлар

  • Калимжанова Роза Лаиковна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Бузаубакова Клара Джайдарбековна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Елубаева Миршат Сайлаубековна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Кудабаева Перизат Асанбаевна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_100

Кілт сөздер:

цифрлы білім беру ортасы, цифрлы платформа, коллаборация, цифрлы құзыреттілік, педагогикалық білім беру порталы

Аңдатпа

Мақалада цифрлы аймақтар жан-жақты ашылып, коллаборативті цифрлы білім беру ортасында болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттілігін қалыптастырудың мәні ашылады.

Үшінші мыңжылдықта   шапшаң   жүріп  жатқан  цифрландыру үдерісі  жағдайында  Жаңа Қазақстанда   білім  сапасын  арттыру  үшін  педагогтердің цифрлы құзыреттілігін  қалыптастыру  мәселесі алға шығуда.Білім беруді цифрландырудағы басты  мақсат – ғаламдық бәсекелестікті арттыру, адамзаттың  өмір сүру сапасын көтеру, оқыту сапасын жақсарту, білім алушылардың оқу жүктемесін азайту, цифрлық  білім беру контентін жасақтау.Ғылыми әдебиеттерге шолу білім беру саласындағы  коллаборация  ұғымына қатысты зерттеушілер арасында консенсустың жоқтығы мәселесін анықтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, мақалада  коллаборативті цифрлы білім беру  ортасында   болашақ педагогтердің  цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың тетігі ретінде https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталының мақсат-міндеттері, мазмұны ашылады және жұмыс жасау әдістемесі беріледі.

Педагогикалық білім беру порталының мақсаты болашақ педагогтердің өзінің кәсіби қызметіне жүйелі көзқарасын қалыптастыру; болашақ педагогтердің өздігінен білім алуына дайындығын жетілдіру;  болашақ педагогтің цифрлық технологияларды оқу-тәрбие процесіне тиімді қолдана алуы; болашақ педагогтердің танымдық белсенділіктерін және  ақпараттық, шығармашылық құзыреттіліктерін  дамыту; болашақ педагогтердің  цифрлы-креативті құзыреттіліктерін  қалыптастыру.

Коллаборативті цифрлық білім беру ортасында қатысушылардың  рөлдері ауысады: педагог оқытудың  түсіндірме-баяндау  әдісінен   іс-әрекетке ауысады; педагог  оқу іс-әрекетін ұйымдастырушы  және  үйлестіруші болады; ал әрбір білім алушы  оқу іс-әрекетінің белсенді мүшесіне айналады.

Автор өмірбаяндары

  • Калимжанова Роза Лаиковна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD доктор, қауымдастырылған профессор, «Педагогика,психология және арнайы білім беру» кафедрасының меңгерушісі

  • Бузаубакова Клара Джайдарбековна, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, доцент, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі

  • Елубаева Миршат Сайлаубековна , М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» кафедрасының доцент м.а.

  • Кудабаева Перизат Асанбаевна , М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» кафедрасының доцент м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-12-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар