ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_188Кілт сөздер:
білім беру, білім интерактивті оқыту , құзыреттілік, тұлға , тұлға , ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуАңдатпа
Қазіргі жағдайда шет тілін оқыту елдің әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық даму факторларының бірі ретінде қарастырылып отыр. Оның тиімділігі бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделінің көрсеткіштері арқылы анықталады. Бұл ретте кәсіби дайындық нәтижесіндегі біліктілік, бітірушінің белгілі бір кәсіби дағдыларының бар екендігін білдіреді. Заманауи маманға тек арнайы салада ғана емес, сонымен қатар интерактивті қарым-қатынаста кәсіби құзыреттіліктер қажет. Шет тілін оқыту үдерісінде тұлғаның интерактивті құзыреттілігін қалыптастыру мақсатты және кезеңдік іс-әрекет жағдайында мүмкін болады. Сонымен қатар кәсіптік білім беру жүйесі өз дамуында әкімшілік, ұйымдастырушылық және материалдық ресурстарға сүйенеді, бірақ ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету прогрессивті тенденциялардың негізін құрайды. Шет тілін оқыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуі мамандардың интерактивті құзыреттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орындарының барлық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жалпы таңдау әдістемесін, ғылыми принциптерін, әдістерін, критерийлерін және қолданбалы математикалық аппаратын анықтайды. Бұл мақалада автор тұлғаның интерактивті құзыреттілігін қалыптастыру моделінің кезеңдерінің негізгі міндеттерін жан-жақты қарастырады. Қарым-қатынасты жүзеге асыруға байланысты интерактивті құзыреттілікті дамытудың педагогикалық әдістерінің бірі ретінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларға назар аударылады.