АТА-АНАЛАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДЕГІ СЕРІКТЕСТІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_236Кілт сөздер:
ата-аналар, даму, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, ерекшеліктер, мүмкіндіктер, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, түзетуАңдатпа
Мақалада инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселесіндегі ата-аналардың орны мен маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық мүмкін-діктері шектелген балалар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсер етеді, жаһандық көлемдегі мәселе біздің елімізде де таралған. Ерекше назарды талап ететін балада ата-анасына тәуелділік жоғары, сондықтан олардың өзара қарым-қатынасының, қолдауының дұрыс болғаны баланың өмірінде баға жетпес жағдай. Осындай отбасыларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек қажет екендігі мақалада талданған.
Зерттеу мақсаты инклюзивті білім беру жағдайындағы балалары бар ата-аналардың сүйемелдеудегі серіктестігінің мәселесін анықтау.
Тапсырмасы: инклюзивті білім беру жағдайындағы баласы бар ата-аналардың оңалту әлеуетінің маңыздылығын зерттеу, баланы сүйемелдеудегі ықпалын талдау. Ата-аналардың инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі серіктестігінің тиімділік болжамы көрсетілген. Инклюзивті білім беру жағдайында балаға ата-аналарының жағымды әсері әлеуметтік ортамен қатынасын оңтайландыратындығы қортындыланды.
Өркениетті мемлекеттің бекітілген заңдылықтарын іске асыру психологиялық-педагогика-лық сүйемелдеу қызметінің инклюзивті білім беру жағдайындағы мағыналығы арта түсуде. Әр ба-ланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламасын сәтті түрде меңгеру жолында оларды барынша дамыту заманауи білім беру саласында өзекті мәселелердің қатарында.