СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫНДА ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ФИТОЦЕНОЗДЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МЕРЗІМДІК АУЫСУ ДИНАМИКАСЫ

Авторлар

  • Муханов Нурболат Каиырболдиевич «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Ноғаев Әділбек Айдарханұлы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Ускенов Рашит Бахитжанович «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
  • Серікпаев Нұрлан Амангелдіұлы «AgroInnovaConsalt» ЖШС

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_80

Кілт сөздер:

ботаникалық құрам, жайылымдық фитоценоздар, өнімділік, далалы аймақ, өсімдік қауымдастығы

Аңдатпа

Мақалада далалы аймақта орналасқан «Солтүстік Қазақстан Тәжірибе станциясы» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы) мен «Новобратское» ЖШС (Ақмола қ. Бұланды ауданы) жайылымдарының фитоценоздарының ботаникалық құрамы мен өнімділігінің маусымдық динамикасын зерттеудің нәтижелері берілген. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан облыстары бойынша жайылымдық жерлердің біркелкі таралмауына негізделген, яғни кейбір аудандарында мал басы санының аздығына байланысты жайылымдық жерлер төмен жайылымдық жүктемемен, ал кейбір аудандарда керісінше, мал басының көптігіне байланысты үлкен жайылымдық жүктемемен пайдаланылуда, мұның өзі жайылымдық жерлердің жалпы жағдайына кері әсерін тигізуде. Жайылымдық мал шаруашылығын басқарудың тиімді жүйесінің жоқтығы да, өнімділікті төмендетіп, органикалық мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді шектей отырып, жағдайды одан әрі ушықтыруда. Зерттеу жұмыстары 2023 жылдан 2024 жылға дейін, екі негізгі жер телімдерінде және үш маусымда жүргізілді: сәуір-мамыр, маусым-тамыз және қыркүйек-қазан. Әдістеме өсімдік жамылғысының тығыздығын есепке алу үшін арнайы төрт бұрышты шеңбердің (100х50 см) көмегімен геобота-никалық зерттеуді және шөп оттылығының өнімділігін анықтау үшін жер телімдерінде шабу әдісін (1х2,5 м) қолдануды қамтиды. Мал азығының химиялық құрамы жалпыға бірдей қабылданған зоотех-никалық мөлшерлемелер мен МЕМСт бойынша NIRSDS2500 экспресс-анализаторының көмегімен талданды. Алынған мәліметтер жайылымдардың ботаникалық құрамына және өнімділігіне маусымдылықтың әсерін бағалауға мүмкіндік береді, оны Солтүстік Қазақстанның далалық аймағы жағдайында жайылымдарды басқарудың және олардың өнімділігін арттырудың тиімді әдістерін әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Муханов Нурболат Каиырболдиевич, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    PhD докторы, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, агрономия факультеті

  • Ноғаев Әділбек Айдарханұлы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    PhD докторы, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, агрономия факультеті

  • Ускенов Рашит Бахитжанович, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы кафедрасының доценті

  • Серікпаев Нұрлан Амангелдіұлы, «AgroInnovaConsalt» ЖШС

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары