БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ-ЭРГОНОМИСТТІ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЙЫНДАУ МОДЕЛІ

Авторлар

  • Шавалиева Зульфия Шавалиевна «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
  • Мурзатаева Алтынай Канатовна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ
  • Жумажанова Кульжанар Ихтайевна «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» КЕАҚ
  • Алибаева Жулдыз Еркиновна «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_283

Кілт сөздер:

білім беру кеңістігі, педагогикалық эргономика, әлеуметтік педагог-эргономист

Аңдатпа

Бұл мақалада Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша білім алушылар арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері сипатталған. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар 
бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру мекемелерінде педагогтың білім берудегі рөлі түбегейлі өзгерді деген қорытындыға келді. Ол ақпарат көзі болуды тоқтатты. Бүгінгі таңда мұғалімнің негізгі қызметі-оқушылардың танымдық үдерістерін белсендіру. Ол білім алуда олардың кеңесшісі және әріптесі, оқытудың фасилитаторы, досы, көмекшісі, үлгі-өнегесі, тәлімгері, яғни білім алушыларды белсендіретін және оларды өз білімдерін үнемі толықтыруға ынталандыратын тұлға ретінде әрекет етеді. Сондықтан әлеуметтік педагог-эргономист мамандығы өзекті болып табылады. Әлеуметтік педагог-эргономист әрбір білім алушы үшін өмір мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ететін жайлы және қауіпсіз жағдай жасайды, сондай-ақ оқушының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға ықпал етеді. Авторлар әлеуметтік педагог-эргономист 
түлегінің моделін, «Әлеуметтік педагогика» мамандығының білім алушыларына арналған «эргономикалық білім беру кеңістігі» электрондық оқу құралын әзірледі.

Автор өмірбаяндары

  • Шавалиева Зульфия Шавалиевна, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары педагогика мектебінің қауымдастырылған профессоры

  • Мурзатаева Алтынай Канатовна, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

    Психология магистрі, жоғары педагогика мектебінің оқытушы-сарапшысы

  • Жумажанова Кульжанар Ихтайевна, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» КЕАҚ

    8D01823-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша докторантураның білім алушысы

  • Алибаева Жулдыз Еркиновна, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары педагогика мектебінің оқытушы-зерттеушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар