БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_264Кілт сөздер:
мотивация, бастауыш мектеп, шығармашылық қатысу, оқу үлгерімі, жоспарлауАңдатпа
Ғылыми мақала бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін арттыру құралы ретінде оқуға деген мотивациясын арттыру тақырыбын ашады, бұл бүгінгі күні өзекті және мұқият зерттеуді қажет етеді. Осы мәселе бойынша тарихи, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды. Әдебиеттерге шолу оқушылардың мотивациясын арттырудың көптеген шешімдерін анықтады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық жұмысының
үлгерімі мен өнімділігін арттыру құралы ретінде оқыту мотивациясын қалыптастыру қажеттілігі негізделген. Бастауыш мектепте оқытудың мотивация деңгейін және соның салдарынан жетістіктерін арттыруға: мұғалімнің оқу материалының мазмұнын пайдалану; сабақтың құрылымдық элементтерін жүйелі жоспарлау және тиімді үйлестіру, оқушылардың зияткерлік жұмысын сәтті ұйымдастыру және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижелерін дәлелді, объективті бағалау ықпал ететіні дәлелденді. Сондай-ақ мақалада оқу мотивациясын арттыру жолдары ашылады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген мотивациясын арттыру шығармашылық, ізденушілік және қызушылық белсенді іс-әрекеттері арқылы деңгейлерінің жоғары болатындығы анықталған. Аталған зерттеудің нәтижелері бастауыш білім беру ұйымдарында оқушылардың оқуға деген мотивациясын анықтау мәселелерін зерделеу шеңберінде эмпирикалық, талдау, педагогикалық диагностикалау секілді зерттеу жүргізу міндеттерін іске асырудың табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.