ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЛАЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0003-0514-1454
  • Алиаскаров Думан Тоқтарұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-7628-1246

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_276

Кілт сөздер:

инновация, инновациялық қала, экономикалық даму, тұрақты даму, қалалық инфрақұрылым

Аңдатпа

Қалалардың «инновациялық дамуы» әлемдегі цифрлық экономиканы дамытудың басымдылығына айналды, бұл жетекші халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық комиссия) ресми құжаттарында сонымен қатар шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде (Web of Science, Scopus) кеңінен көрініс табуда.

Мақалада қалалардың инновациялық даму үрдістерін географиялық білім беруде оқытудың мәселелері талданады.

Қалалар географиясын оқыту, дүниежүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы, Қазақстанның экономикалық географиясы секілді пәндермен тығыз байланысты.

Сол себепті, әлемдегі және еліміздегі қалалардың даму трендтерін талдау, урбандалу процесінің жағдайын саралау және негізгі ұстанымдарды білім беру мазмұнына енгізу географиялық білім берудің өзекті мәселелері қатарында саналады. Осы орайда, еліміздің ірі өндірістік орталықтары ретінде қалыптасқан, білім беру, мәдениет ошақтары шоғырланған, табиғи ресурстар мен өндіріс объектілерінің жиынтығы болып табылатын Қазақстан қалаларының инновациялық даму үрдістерін зерттеудің маңызы арта түспек, бұл біздің мақаламыздың жазылуына негіз болды.

Мақаланың мақсаты: Қазақстан қалаларының инновациялық даму үрдістерін оқытуды теориялық негіздеу және оны географияда оқытудың әдістемесін жасау.

Қалаларды оқып-үйренудің географиялық білім берудегі рөлі мен орны айқындалды. Зерттеуде қалалардың инновациялық даму теориясына шолу жасалып, инновациялық қала дамуының тәжірибелеріне, үлгілеріне талдау жасалды.

Алынған мәліметтер негізінде 9-сынып оқушыларына арналған «Қалалар географиясы» элективті курс бағдарламасы құрастырылған. Алматы қаласы мысалында жазылған элективті курс 34 сағатқа, аптасына 1 рет жүргізуге жоспарланған. Пән мазмұны 5 блоктан тұрады: қаланың тарихы, табиғат жағдайы және ресурстары, әлеуметтік мәдени өмірі, экономикалық жағдайы және әлемдік қалалардың даму бағыттары.

Автор өмірбаяндары

  • Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторанты

  • Алиаскаров Думан Тоқтарұлы , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторы, аға оқытушы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар