ШЕТЕЛДІК СЕЛЕКЦИЯНЫҢ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_95Кілт сөздер:
бидай, сорт, вегетациялық кезең, өнгіштік, өнімділік, беймделуАңдатпа
Мақалада Абай облысы жағдайында бидайдың шетелдік селекциясының DX4, XY1 сорттарының жергілікті табиғи – климаттық жағдайға бейімделу қабілетін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Әлемнің бірқатар елдерінің экономикасында басты орын алатын дәнді дақыл - бидай. Қазақстан бидай экспорттаушы ел ретінде әлемдік нарықта белгілі. Бидай еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Оның жоғары тағамдық құндылығы бидайды адамзат үшін құнды дәнді дақылға айналдырды.
Зерттеу жұмыстары барысында фенологиялық бақылаулар, өнімді құрылымдық талдау, алынған мәліметтерді өңдеу және т.б. атқарылды.
Бидайдың қытай селекциясының DX4, XY1 сорттарының көрсеткіштері стандарт сорттың көрсеткіштерімен ұқсас нәтижелер берді. Атап айтқанда, өсу кезеңінің ұзақтығы сорттарда 92-95 күнді құрады. DХ4 сорты жергілікті сорттан 3 күнге ерте пісті. Сорттардың өнімділігі келесі көрсеткіштерді құрады: Ульбинка – 25 – 35,0 ц/га, DX4 –38,1ц/га, XY1–35,0ц/га.
Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі Қытайдың Солтүстік - Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен әкелініп отырған бидай сорт үлгілерін өңіріміздің табиғи - климаттық жағдайына бейімделу қабілетін зерттеуді жалғастыруды қажет етеді.
Жалпы, алынған нәтижелер зерттелетін материалды толық және объективті бағалау үшін одан әрі зерттеу жұмысында пайдаланылады.