ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ БОЛЖАМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН  ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Қасымбекова Нуриля Сабеткановна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Бапанова Гүлжан Қобландықызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Дүйсекеева Нұргүл Жәлелатдинқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Қасаболат Айгүл Жапарбекқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2532219

Кілт сөздер:

болжамдық құзыреттілік, магистрант, педагогикалық жоба, рефлексия, интерактивті технология

Аңдатпа

Қоғамдағы жылдам өзгерістер  педагогика және психология білім беру бағдарламасы магистранттарының күтпеген жағдайларға бейімделу және алдын ала тиімді шешім қабылдау қабілетін талап етеді. Осыған байланысты олардың болжам жасауға негізделген құзыреттілігін қалыптастыру – білім беру саласындағы басымдықтардың бірі. Бұл зерттеудің өзектілігі де болашақ мамандарды осындай қабілеттермен қаруландыру, олардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету қажеттілігінде жатыр. Зерттеудің негізгі мақсаты – магистранттардың болжамдық құзыреттілігін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау болып табылады. Зерттеу міндеттеріне отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерді салыстырмалы талдау, олардың қолданбалы тиімділігін бағалау кіреді. Зерттеу барысында болжамдық құзыреттілікке қатысты тұжырымдамалар негізгі материал ретінде пайдаланылды. Әдістемелік негізіне әдебиеттерге шолу жасау, жобалық оқыту технологияларын қолдану, жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін диагностикалау енді.  Зерттеу жұмысы теориялық жағынан болжамдық құзыреттілік ұғымының аясын кеңейту бағытында әдіснамалық бағыт ұсынады. Ал практикалық тұрғыдан алғанда, магистранттарды даярлау бағдарламаларын жетілдіруге, оқыту мазмұнын нақтылау мен білім беру әдістерін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелері оқу үрдісін жаңғыртуға, болашақ мамандарды заманауи талаптарға сай даярлауға негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Қасымбекова Нуриля Сабеткановна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары

  • Бапанова Гүлжан Қобландықызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    докторант

  • Дүйсекеева Нұргүл Жәлелатдинқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, Педагогикалық-психологиялық білім беру және бастауыш оқыту әдістемесі білім беру бағдарламасының аға оқытушысы

  • Қасаболат Айгүл Жапарбекқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, дизайн және инженерлік графика кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар