DIGITAL HISTORY: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ӨНІМДЕРІ АРҚЫЛЫҰЛТТЫҚ НИГИЛИЗМДІ ЖОЮ МҮМКІНДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_308Кілт сөздер:
ұлттық нигилизм, интеллектуалдық өнім, digital history, тарихи ақпарат , заманауи оқыту дизайны , Z және Альфа-ұрпақ.Аңдатпа
Бұл мақалада құндылықтарға негізделген білім берудегі өзекті тақырыптардың бірі – оқушылар бойындағы ұлттық нигилизмнің шығу себептері және оның шешу жолдары қарастырылады. Тарих сабақтарындағы тарихи білім мен ақпараттың заманауи модернге трансформацияға ұшырамауы оқушылар бойында ұлттық нигилизм көзқарастарының қалыптасуының басты себебі ретінде көрсетілген. Оқушылардың өзіндік интеллектуалдық өнімдері арқылы ұлттық нигилизмді болдырмаудың мұғалім тәжірибесіндегі өзінің жеке кейсі ұсынылған. Тарихи сананы қалыптастыруға және ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал ететін тарихи комикстер, интерактивті платформалар және ғылыми жобалар сияқты цифрлық ресурстарды дамытуға баса назар аударылады. Оқушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлауын ынталандыру арқылы зияткерлік өнімдерді жасауға қатысуға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсілдер талданады. Білім беру процесінде цифрлық тарихты талқылау, оның оқушылардың ұлттық тарихты зерттеуге деген ынтасы мен қызығушылығына әсері бөлек орын алады. Мақалада ұлттық нигилизмге және өскелең ұрпақтың тұрақты экономикалық ұстанымын қалыптастыруға қарсы күрес құралы ретінде заманауи білімге цифрлық технологиялардың енгізілгені көрсетілген. Зерттеу қорытындылары ұлттық тарихты жаңаша түсіндіру және оны мектеп бағдарламасына заманауи әдістермен енгізу арқылы оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетуге болатынын дәлелдейді.