ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_161Кілт сөздер:
сорт, картоп, технология, өнімділік, климатАңдатпа
Жұмыста Қазақстанның солтүстік өңірінде картоп өсіру технологияларын жетілдіру мүмкіндіктері зерттеледі. Агротехникалық әдістерді вегетациялық кезеңнің әртүрлі кезеңдерін қамтитын аймақтың климаттық жағдайларына бейімдеуге ерекше назар аударылады. Зерттеу барысында аймақтың жағдайына бейімделуді, өнімділікті бағалау мақсатында тоғыз қытайлық картоп сорттары сыналды. Картоптың жоғары өнімді және стресске төзімді сорттарын пайдаланудың артықшылықтары қарастырылады. Ұсынылған аспектілер өнімділікті арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және шығындарды азайтуға бағытталған, бұл аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Алынған мәліметтерге сәйкес 2024 жылы Қазақстан Республикасында картоптың өнімділігі 310 мың тоннаға жуық картопты құрады. Солтүстік өңірлерде көрсеткіштер күрделі ауа-райына (су тасқыны), тамыздың аяғында ұзаққа созылған жаңбырға қарамастан жалпы үрдістерге сәйкес келді. Алайда, Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жалпы өнімділік гектарына 200-250 центнер деңгейінде болды, бұл өңір үшін жақсы нәтиже болып табылады.
Эксперименттік учаскедегі картоптың өнімділігі гектарына 395,7 центнерді құрады, бұл өте жоғары көрсеткіш. Бір өсімдікке шаққандағы түйнектердің орташа саны 7 дана, ал бір түйнектің орташа салмағы-1,142 кг. көрсеткіштер аймақ бойынша орташа деректерден едәуір асып түседі және Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін қытайлық картоп сорттарының жоғары әлеуетін көрсетеді. Нәтижелер сорттарды дұрыс таңдаудың және картоп өсіруде заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсетеді.