МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ФАКТОРЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP252211Кілт сөздер:
акмеология, аксиология, дидактикалық шарттар, акмеологиялық құзыреттілік, әлеуметтік мотивтер, танымдық мотивтер, беделділік мотивтер, шығармашылық мотивтерАңдатпа
Мектеп түлектерінің педагог мамандығын таңдау мотивтерін зерттеу және олардың таңдаған мамандығы туралы нақты түсініктерін қалыптастыру жаңа заманның жоғары білікті мамандарын даярлаудың қажетті шарттары болып табылады. Мақалада болашақ педагогтың акмеологиялық ұстанымының негізгі көрсетікштері оның кәсіби құзыреттілігінің компоненті ретінде қарастырылады. Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі білім беру саласының болашақ педагогтарының акмеологиялық құзыреттілігін дамыту факторларын анықтау. Зерттеудің міндеттері: 1) жоғары білім беруде акмеологиялық тұғырды қолдану мәселесін зерттеу және талдау; 2) мектепке дейінгі білім беру саласының болашақ педагогтарының акмеологиялық құзыреттілігін дамыту факторларын анықтау. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін болашақ педагогтардың мамандық таңдаудағы негізгі мотивтері ретінде таңдап алынған әлеуметтік мотивтер, танымдық мотивтер, беделділік мотивтер және шығармашылық мотивтерге талдау жасалынды. 6B01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында Е.М. Павлютенковтың «білім алушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын анықтау әдістемесіне» сәйкес сауаланама жүргізілді. Зерттеу барасында алынған сауаланама нәтижелеріне Спирмен бойынша корреляциялық талдау жүргізілді. Сонымен қатар мақалада мамандықты таңдау мотивтерін қалыптастыру динамикасына әсер ететін факторлар келтіріледі