БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛІК ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Койшыгұлова Гүлшат Өмірбекқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Туребаева Клара Жаманбаевна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Наурызбаева Эльмира Кенжиғалиқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

цифрлық мәдениет, цифрлық құзыреттілік, цифрлық дағдылар, оқу процесі, бастауыш білім

Аңдатпа

Бұл мақалада онлайн курстар мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық мәдениетін қалыптастыру қарастырылады. Заманауи білім беру ортасы мұғалімдерден цифрлық құралдарды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен мәдениеттің маңыздылығын білуді талап етеді. Зерттеу барысында «Бастауыш сынып мұғалімі» білім беру бағдарламасы студенттерінің цифрлық құзыреттіліктері, цифрлық мәдениет пен қауіпсіздікке деген көзқарастары, сондай-ақ онлайн курстардың тиімділігі туралы пікірлері талданды. Студенттердің сауалнамасы негізгі мәлімдемелермен келісу деңгейін бағалау үшін Likert шкаласы арқылы жүргізілді. Атап айтқанда, оқытуда цифрлық құралдарды пайдалану жиілігі мен олардың пайдалылығы қарастырылды. Нәтижелер респонденттердің 82%-ы цифрлық дағдыларды кәсіби оқытудың маңызды бөлігі деп санайтынын, ал 96%-ы цифрлық мәдениетті дамытудағы онлайн курстардың тиімділігін растайтынын көрсетті. Дегенмен, оқушылардың 68%-ы қауіпсіздікті цифрлық сауаттылықтың бір бөлігі ретінде қарастырмайды, бұл білім беру бағдарламаларында осы аспектіге көбірек көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Зерттеу мұғалімдерді оқытуға цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда, цифрлық сауаттылықты дамыту қажеттілігін көрсетеді. Жасалған қорытындыларды цифрлық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін жаңа білім беру курстарын әзірлеу үшін пайдалануға болады. 

Автор өмірбаяндары

  • Койшыгұлова Гүлшат Өмірбекқызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    PhD докторанты

  • Туребаева Клара Жаманбаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор

  • Наурызбаева Эльмира Кенжиғалиқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар