ЕТТІ ІҚМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СИЫР ЕТІН ӨНДІРУ ҮШІН ТӨЛДЕРДІ ӨСІРУ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP252179Кілт сөздер:
етті ІҚМ, қалмақ тұқымы, туылу мерзімі, сойыс шығымы, аталық ізАңдатпа
Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің ең күрделі міндеттерінің бірі ет өніміділігін арттыру атап айтқанда, ІҚМ етін өндіруді ұлғайту болып табылады. Бұл жағдайда қалмақ тұқым малының рөлі алдыңғы қатарда, өйткені бұл тұқымның өте маңызды экономикалық пайдалы қасиеті - ерекше табиғи түрде бұлшықет массасының жетілуі.
Етті ІҚМ-ның өнімділігін арттыру мақсатында көптеген шаруашылықтарда қысқы-көктемгі кезеңде туылған төлдер кеңінен қолданыла бастады. Олар төлдердің жақсы шығымы, ерте жетілуі, жұмсалған азықтың тірідей өсіммен жақсы өтелуі, ет формалары және салыстырмалы түрде майсыз ІҚМ еті арқылы шаруашылық иелерінің назарын аударады.
Мақалада қалмақ тұқымының әр түрлі генотипті бұқаларының туу маусымының олардың ет өнімділігіне әсері туралы мәліметтер келтірілген. Жылдың қыс мезгілінде (қаңтар-ақпан) Моряк-12054 аталық ізінен тарағантөлдерді алу және оларды етке өсіру күзгі кезеңде туылған төлдермен салыстырғанда ет өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды: ұшаның салмағы бойынша Моряк-12054 аталық ізінің бұқалары өз құрдастарынан 26,8 кг немесе 15,0% - ға артық;сойыс салмағы және сойыс шығымы бойынша, сәйкесінше, 29,9 кг және 0,8% жоғары болды; ІҚМ етін өндірудің рентабельділік деңгейі-күзгі кезеңде туылған төлдермен салыстырғанда 16,3% артық болғаны анықталды.
Қыста туылған төлдер ерте жастарында дұрыс өсу үшін тұрақты және қолайлы жағдайларға ие болады, бұл оларға күзгі туылған төлдермен салыстырғанда бұлшықет массасын және жалпы ет өнімділігін дамытуда артықшылық береді.