БАЛАЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2522276Кілт сөздер:
құндылық, рухани құндылық, бос уақыт, мәдени-тынығу жұмысы, тәрбие, тынығуАңдатпа
Бүгінгі күні елімізде жас ұрпақтың рухани құндылықтарын қалыптастыру білім мен тәрбие беру ұйымдарының, отбасының, жалпы қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отырғаны мәлім. Өйткені қазіргі уақыт адамзат тарихының жалпы дамуында ең бір алаңдаулы уақыт болып отыр. Ғылым мен техниканың қарқындап дамуы адам баласы үшін игіліктер қатарын арттырумен қатар, қоғамда тұрақсыздық, белгісіздік, дүдамалдылық пен арсыздық, мейірімсіздік, адамдар болмысында жалпы адамзатқа қауіп төндіретін жат мінездердің белең алуына әкелуде. Біздің еліміз ғана емес, қазіргі күні бүкіл әлем халықтары рухани дағдарысты бастан кешіп отырғаны белгілі. Бұл бүгінде барлығымыз мойындауға тиіс ащы шындық. Ал енді жас ұрпақ әрбір қоғамның, мемлекеттің басты құндылығы дейтін болсақ, ең алдымен осы құндылығымыз аталған дағдарыстан зардап шегуде. Ұсынылып отырған мақала зерттеушінің диссертациялық жұмысының бір бөлігі ретінде балалардың рухани құндылықтарын мәдени-тынығу жұмысының құралдары арқылы қалыптастыру мәселесіне арналады. Автор мақалада зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерге шолу жасау негізінде бос уақыт жағдайында балалардың бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеудің және тұлғалық қалыптастырудың мәні мен мазмұнын ашуды, «бос уақыт», «құндылық», «рухани құндылықтар», «мәдени-тынығу жұмысы» ұғымдарына талдау жасауды көздейді. Автор рухани құндылықтарды қалыптастыруда бос уақыт пен бос уақыттағы мәдени-тынығу жұмысының әлеуетіне ерекше назар аударады. Зерттеудің мақсаты - балалардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда мәдени-тынығу жұмысының мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеу әдістері: мақаланы жазу барысында зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-теориялық және әдістемелік әдбиеттерді талдау.