ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254272Кілт сөздер:
педагог-психолог, зерттеушілік құзыреттілік, инновациялық технология, жоғары білім беру, цифрлық орта, кәсіби даярлық, зерттеу дағдыларыАңдатпа
Бұл мақалада ЖОО-ның цифрлы білім беру ортасы жағдайында болашақ педагог-психологтардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Цифрлы білім беру технологияларының жедел дамуы бүгінгі күні жоғары оқу орындарында оқыту процесінің барлық аспектілерін қайта қарауды талап етеді. Бұл әсіресе болашақ педагог-психологтарды дайындау саласына қатысты, себебі педагогика мен психология ғылымдары зерттеулер мен инновацияларға бағытталған пәндер болып табылады. Бүгінгі таңда педагог-психологтар жаңа ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдарды кәсіби қызметте тиімді пайдалану қабілетіне ие болу керек. Осыған байланысты, зерттеушілік құзыреттіліктерді қалыптастыру маңызды мәселе болып табылады. Болашақ педагог-психологтарды даярлау барысында цифрлық құралдарды қолданудың маңыздылығын атап өтіп, олардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытуға әсерін талдайды. Цифрлық білім беру платформалары, виртуалды және қосымша шындық құралдары, деректерді талдау бағдарламалары сияқты технологиялардың білім беру процесінде тиімді пайдаланылуы жан-жақты сипатталған. Мақала білім беру жүйесін цифрландырудың педагогикалық және психологиялық аспектілерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар болашақ педагогтар мен психологтарға цифрлық технологиялардың меңгерудің маңыздылығын атап көрсетіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына әсерін жан-жақты талдайды. Цифрлы білім беру ортасы жағдайында студенттерге деректерді талдау және зерттеулер жүргізуге қажетті бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуді үйретудің маңыздылығы айтылады. Сондай-ақ мақалада болашақ педагог-психологтардың сыни ойлау дағдыларын дамыту мен дербес ғылыми-зерттеу жүргізу қабілеттерін жетілдіруде цифрлық оқыту құралдарының әлеуеті ерекше атап өтіліп, оларды тиімді қолданудың әдістемелік негіздері, болашақ педагог-психологтардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту үдерісінде цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану талданады.

