АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 13-14 ЖАСТАҒЫ БОКСШЫЛАРЫНДА ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА КЕШЕНДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Ахметов Рустем Әбдіжапарұлы Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
  • Иманбетов Аманбек Нуркасимович Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
  • Сафаргалиева Гульфия Надимовна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы
  • Рысбек Қастер Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612047

Кілт сөздер:

Жылдамдықты үйлестіру қасиеттері, 13-14 жастағы жасөспірімдер, бокс, ауыл мектептері, кешенді оқыту бағдарламасы, жаттығу, жаттығу әдістемесі

Аңдатпа

Мақалада ауыл мектептерінде жаттығатын 13-14 жас аралығындағы боксшылардың жылдамдықты үйлестіру қасиеттерін дамыту мәселесі зерттелді. Зерттеудің мақсаты –жасөспірімдердің жылдамдық үйлестіру қасиеттерін дамыту  деңгейін арттыруға бағытталған тиімді жаттығу әдістерін анықтау. Зерттеу жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, ауылдық жерлердегі спорттық база мен жаттығу жағдайларының шектеулілігін ескере отырып жүргізілген. Сонымен қатар мақалада жылдамдық пен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған жаттығулардың бокс техникасын жетілдірудегі маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижелері жүйелі және мақсатты ұйымдастырылған жаттығу үдерісі жас боксшылардың қимыл дәлдігін, реакция жылдамдығын және жалпы спорттық дайындығын арттыратынын көрсетеді. Эксперименттік әдіс негізінде зерттеу 24 жасөспірім боксшы арасында жүргізілді. Қатысушыларға жылдамдық пен үйлестіруді дамытуға арналған арнайы жаттығу кешені ұсынылды. Зерттеу барысында физикалық және үйлестіру қабілеттері жылдамдық белсенділігі, раундтық төзімділік, координация, реакцияларды анықтау арқылы бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, жүйелі және мақсатты жаттығулар реакция жылдамдығы, аяқ-қол үйлестіру және тепе-теңдік көрсеткіштерін елеулі түрде жақсартты. Сонымен қатар, әдістеме ауыл мектептерінде қолжетімді құралдар арқылы тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігі дәлелденді. Зерттеу қорытындысы бойынша, 13-14 жас аралығындағы боксшыларда жылдамдықты үйлестіру қасиеттерін дамыту спорттық нәтижелерді жақсартуға және техникалық шеберлікті арттыруға тікелей әсер етеді. Нәтижелер ауылдық мектептердің және басқада балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттығу бағдарламаларына енгізуге ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Ахметов Рустем Әбдіжапарұлы, Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

    Педагогика ғылымдарының магистрі, дене мәдениеті ілімі мен әдістемесі және спорттық дайындық кафедрасы аға оқытушысы

  • Иманбетов Аманбек Нуркасимович, Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

    Педагогика ғылымдарының кандидаты, бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы қауымдастырылған профессоры

  • Сафаргалиева Гульфия Надимовна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы

    Педагогика ғылымдарының магистрі, дене шынықтыру теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы

  • Рысбек Қастер, Е.А. Бөкетов атыныдағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

    Педагогика ғылымдарының магистрі, дене тәрбиесі кафедрасы аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар