ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ЛЕКСИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP25225

Кілт сөздер:

интеллект, лингвистикалық интеллект, экстралингвистикалық фактор, ұғым, таным, лингвистикалық білім, лексика-құрылымдық әдіс

Аңдатпа

 

 Мақалада «лингвистикалық интеллект» ұғымының қазіргі ғылымдағы зерттелу жайы қарастырылып, оны дамытудың құрылымдық-лексикалық әдістері берілді. Бүгінде экстралингвистикалық факторлар ықпалының артуы тілде орын алып жатқан өзгерістерді жаңаша қарау қажеттілігін туындатты. Әсіресе, адам интеллектісі мен тілдің арақатынасын анықтау өзекті болып отыр. Отандық және шетелдік зерттеушілердің антропоцентристік бағыттағы еңбектері негізінде тіл мен ақыл категорияларының байланысты екендігі дәлелденді. Біздің ұсынып отырған зерттеуімізде адамның маңызды тілдік дағдылары тоғысатын «лингвистикалық интеллект» санаты жаңа аспектіде зерделенді.

Білімалушылардың лингвистикалық интеллектісін тиімді дамыту жолдарын анықтау мақсатында сала аралық ізденістердің тұжырымдары, қолданбалы және іргелі зерттеулердің нәтижелері, эксперименттік ғылыми қорытындылар басшылыққа алынды. Нәтижесінде лингвистикалық интеллектіні дамытудың басым бағыттары мен ұтымды тетіктері сараланды. Ұғымның жүйелік ерекшеліктері айқындалды. Оны дамытуға қатысты пікірлер мен бақылауларға сүйене отырып, құрылымдық-лексикалық әдіс ұсынылды.

Жалпы, біз зерттеуімізде көрсетіп отырған әдіс тіл білімінде А.Байтұрсынұлының ізденістерімен тікелей байланысты. Ғалымның бірнеше еңбектеріндегі пікірлерін жүйелей отырып, алдымен «лингвистикалық интеллект» ұғымына анықтама берілді. Білім алушыларды оқыту мен тілді меңгертуге қатысты жұмыстарында ұстанған лингвистикалық-дидактикалық принциптері осы ұстаным шеңберіне жинақталып тың қағида ретінде белгіленді. Аталған нәтижені студенттердің лингвистикалық интеллектісін жетілдіру мақсатында пайдалануға болады

Автор өмірбаяндары

  • Алтай Айдын Алтайұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант

  • Абызова Айна Маратовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

     PhD, оқытушы-дәріскер

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар