МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532107Кілт сөздер:
Маңғыстау аймағы, , атлас, кадр, кәсіп, форсайт, әдіс, зерттеуАңдатпа
Бұл мақалада Маңғыстау облысында ағымдағы кезеңге кадрлар даярлау бойынша білім беру қызметтері нарығын талдау мәселелері қарастырылады. Қазақстанның батысында орналасқан Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан елдің негізгі өңірлерінің бірі болып табылады. Демек, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және білім беру саласының жай күйін талдау, білім алушыларды жаһандық бәсекеге қабілеттілігін ашу, ерте жастан бастап кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, аймақтағы білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілу жағдайы, оларды қайта даярлау бағдарламаларының іскі асырылуы, өлкеміздің білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ұлттық және халықаралық талаптарға жауап беретін, жоғары зияткерлік және жалпы мәдени дәрежелері бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау проблемалары қарастырылады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Skills Technology Foresight әдісі негізінде Маңғыстау облысының жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын әзірлеу өзекті болып отырғандығы, бұл мақаладағы зерттеулер мен талдаулар осы жаңа атласты дайындаудың бастамасы болып табылады және қазіргі әлемдегі технологиялық және цифрлық трансформация еңбек нарығының құрылымын түбегейлі өзгертіп, жаңа мамандықтардың пайда болуына және дәстүрлі кәсіптердің трансформациясына алып келетіндігін байқатты. Осыған орай, еңбек нарығында жаңа талаптардың пайда болуы қазіргі заманғы жұмыс берушілер қызметкерлерден тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сондай-ақ цифрлық сауаттылық, проблемаларды шешу қабілеті, креативтілік және бейімделгіштік сияқты құзыреттерді талап ететіндігі белгілі. Осы туындаған мәселерді зерттеп, зерделеу үшін қолданылған форсайт әдістеріне және форсайтта қолданылатын әдістер жиынтығы: сапалық, сандық, синтетикалық әдістер т.б. түрлеріне сипаттама беріледі.