ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА АЛМАНЫҢ БИОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ЖАПЫРАҚ БЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА МИНЕРАЛДЫ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Жаппарова Айгул Абсултановна «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-0103-5059
  • Мауленова Салтанат Сабыржановна «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Айсакулова Хайырниса Рамазановна «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Василина Турсунай Кажымуратовна "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531140

Кілт сөздер:

алма ағашы, биометрия, биопрепараттар, Голден Делишес, жапырақ беті, органикалық егіншілік, Қазақстанның оңтүстік-шығысы

Аңдатпа

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ климат пен суару қажеттілігімен сипатталатын жағдайларда бақ шаруашылығында органикалық биологиялық белсенді препараттарды қолдану болашағы зор бағыт болып табылады. Бұл мақалада Агрофлорин, Al Karal және Биосок Energy плюс препараттарының Голден Делишес сортының алма ағашына биометриялық көрсеткіштерге әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Эксперимент барысында өркендердің ұзындығы, бұтақтардың диаметрі, жапырақ бетінің ауданы және фотосинтез бен болашақ өнімділікке тікелей байланысты басқа да морфологиялық белгілер бағаланды.  Алынған нәтижелер органикалық биологиялық белсенді заттардың метаболикалық процестерді жақсартатынын, вегетативті мүшелердің өсуін белсендіретінін және жапырақ бетінің қалыптасуына оң ықпал ететінін көрсетті. Ең жоғары тиімділік «Агрофлорин» мен «Биосок Energy плюс» препараттары қолданылғанда байқалды. Қосымша жүргізілген салыстырмалы талдау ағаштарды биопрепараттармен өңдеу өсімдіктердің үйлесімді дамуына ықпал ететінін, олардың физиологиялық белсенділігін арттыратынын және аймақтың қолайсыз климаттық жағдайларына бейімделуін жақсартатынын дәлелдеді. Айқындалған заңдылықтар органикалық биостимуляторлардың дәстүрлі агрохимикаттарға тиімді балама бола алатынын, сондай-ақ қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтатынын көрсетеді.  Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері органикалық биостимуляторларды қолданудың жеміс шаруашылығында болашағы зор екенін дәлелдеп, оларды Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бақ шаруашылығында агротехникалық іс-шаралар жүйесіне енгізуді ұсынады.

Автор өмірбаяндары

  • Жаппарова Айгул Абсултановна, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,Топырақтану, агрохимия және экология кафедрасының профессоры

  • Мауленова Салтанат Сабыржановна, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының докторанты

  • Айсакулова Хайырниса Рамазановна, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    биология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Агрохимия» зертханасының меңгерушісі

  • Василина Турсунай Кажымуратовна, "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ

    PhD, "Топырақтану, агрохимия және экология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары