YESSENOV UNIVERSITY-ДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНІҢ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • Егенисова Алмажай Кулжановна Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Шарипова Айгерим Батырсариевна Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Калиева Эльмира Измухановна Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Мендалиев Балгабай Мырзабаевич Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612059

Кілт сөздер:

Маңғыстау өңірі, бакалавриат, магистратура, докторантура, атлас, мамандық, форсайт

Аңдатпа

Бұл мақалада   Маңғыстау өңіріндегі  жалғыз  ЖОО  – Yessenov university-де  білім  берудің үш  деңгейі бойынша  мамандар  даярлау  үдерісіне талдау жасалады. Қазіргі заманда еңбек нарығы қарқынды өзгерістерге ұшырап, жаңа технологиялар мен инновациялар дәстүрлі мамандықтарға деген сұранысты өзгертуде. Сол себептен,  өлкеміздің  білім беру жүйесінің  қазіргі заманғы ұлттық және халықаралық талаптарға жауап беретін, жоғары зияткерлік және жалпы мәдени дәрежелері бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау  проблемалары қарастырылады. Маңғыстау облысының  жаңа мамандықтар мен құзіреттер атласын жасауда  аймақта еңбек нарығына қажетті мамандар даярлайтын  оқу орнының кадрлар даярлау мәселесіне талдау жасай отырып, өлкеміздің  білім беру жүйесінің  қазіргі заманғы ұлттық және халықаралық талаптарға жауап беретін, жоғары зияткерлік және жалпы мәдени дәрежелері бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау  проблемалары қарастырылады.  Демек, осы мақала аясында  қойылған зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай Маңғыстау өңіріндегі  ЖОО - Yessenov University-де бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлау үрдісіне  форсайт-болжау әдісімен талдау жасалды. Сонымен қатар, мақаладады  университеттің миссиясы мен стратегиялық міндеттеріне сипаттама беріліп,  мамандарды үш деңгейде бакалавриат, магистратура және докторантура  бойынша  даярлау жүзеге асырылатындығы  баяндалған. Қорыта айтқанда, зерттеу нәтижелері бойынша,  Есенов университетінде  білім берудің үш деңгейі бойынша кадрлар даярлау үдерісіне  талдау жасалып, студенттер контингентінің өсу динамикасы,  үш оқу жылындағы магистранттар контингентінің өсу динамикасы, соңғы үш жылдағы докторанттар контингентінің өсу динамикасы, білім алушыларды қабылдау, БББ бойынша жұмысқа орналасу деңгейі, ПОҚ-тың ғылыми еңбектерді жариялау динамикасы және университет ғалымдарыныі  ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруға арналған ғылыми жобалары мен бағдарламалық-мақсатты қаржыландырулар   мәліметтер кестесінде беріліп, диаграммада  салыстырмалы өсу деңгейі көрсетілген.

Автор өмірбаяндары

  • Егенисова Алмажай Кулжановна, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедарсының қауымдастырылған профессоры

  • Шарипова Айгерим Батырсариевна, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

    докторант

  • Калиева Эльмира Измухановна, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Мендалиев Балгабай Мырзабаевич, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар