БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКАСЫ РЕТІНДЕГІ ШЕШЕНДІК ӨНЕР

Авторлар

  • Жақаева Салтанат Әнуарбекқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Нарикбаева Лора Мақсұтқызы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
  • Ахметова Аймкүл Қадірбайқызы Орталық Азия Инновациялық университеті
  • Айсина Сұлушаш Темиртайқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612071

Кілт сөздер:

болашақ музыка мұғалімі, риторика, педагогикалық техника, сөз өнері, кәсіби сөйлеу, верьбалдық құрал

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – болашақ музыка мұғалімінің педагогикалық техникасына жататын шешендік өнерге қатысты ғылыми еңбектерге жасалған талдау негізінде шешендік өнердің маңызы және оның кәсіби іс-әрекеттегі қажеттілігін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы музыка мұғалімі үшін шешендік өнердің мәні мен мазмұнын нақтылау болып табылады.     Сондықтан да мақалада шешендік өнер жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде болашақ музыка мұғалімінің педагогикалық техникасы ретінде қарастырылады. Жұмыстың міндеттерін шешу үшін келесі диагностикалық әдістер қолданылып, жүзеге асырылды: мектептегі музыкалық оқу үрдісін  қадағалау және талдау; білім алушылармен сауалнамалар мен сұхбаттар жүргізу, аннотация жаздыру. Зерттеуде «шешендік өнер» ұғымына жан-жақты түсініктемелер берілді. Сонымен қатар зерттеу мәселесі төңірегінде білім алушылардың деңгейлері қарастырылған әдістермен тексерілді. Яғни тақырыпты білім алушылардың өз деңгейлерінде меңгерілмегенін анықтап, зерттеу проблемасына қатысты ғылыми зерттеулерді талдай отырып, теориялық мағлұматтар беру көзделді. Білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында теориялық материалдар негізінде практикалық сабақ ұйымдастырылып, педагогикалық эксперимент жүргізілді. Педагогикалық экспериментте білім алушылармен бақылау, сұрақтар қою, сұхбат, аннотация жазу, ауызша талдау сияқты әдістер қолданылды. Байқалған кемшіліктерді ескере отырып, оны түзету бағытында практикалық жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері берілген тапсырмаларға білім алушылардың берген жауаптарынан айтарлықтай сауаттылық деңгейінің артқанын көрсетті. Бұл зерттеу жұмысында болашақ музыка мұғалімдері шешендік өнерді пайдаланудың әдістері негізінде өзіндік зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері ЖОО-дағы педагогикалық пәндер бойынша сабақтарда, оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болады.

 

Автор өмірбаяндары

  • Жақаева Салтанат Әнуарбекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өнер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Нарикбаева Лора Мақсұтқызы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасы, «Музыкалық өнер» факультеті

  • Ахметова Аймкүл Қадірбайқызы, Орталық Азия Инновациялық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының доценті

  • Айсина Сұлушаш Темиртайқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика магистрі, «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар