МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ИНКЛЮЗИЯДАҒЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯЛАНҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2612151Кілт сөздер:
геймификация, инклюзивті білім беру, мектепке дейінгі балалар, бейімдеу, цифрлық технологиялар , эмоционалдық әл-ауқат, педагогикалық сүйемелдеуАңдатпа
Мақала инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу үрдісінде геймификацияланған технологияларды қолданудың тиімділігін талдауға арналған. Эксперименттік зерттеу 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың наурыз аралығында Жамбыл облысы Тараз қаласының үш мектепке дейінгі ұйым базасында жүргізілді. Зерттеуге 3-4 жас аралығындағы 87 бала қатысты, оның ЕББҚ 45 тәрбиеленуші (психикалық дамудың тежелуі, сөйлеудің бұзылуы, аутизм спектрінің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы) және қалыпты дамуы бар 42 бала, сонымен қатар 24 педагог пен ата-аналар қатысты.Зерттеудің әдіснамалық негізі теориялық талдау мен эмпирикалық тексеруді біріктірді. Эмпирикалық әдістердің ішінде құрылымдық және еркін педагогикалық бақылау, Д.Б.Элькониннің әдістемесі бойынша бақылау, педагогтердің сауалнамасы және ата-аналармен сұхбат қолданылды. Осылайша ЕББҚ бар балалардың құрдастарымен қарым-қатынасының белсенділігі 41% -дан 68% дейін көтерілсе, бастамашылық пен дербестік деңгейі 28%-дан 54% дейін өсті. Енгізілген бақылау нәтижелері балалардың белсенді рөлдік ұстанымдары (29%-дан 57% дейін) және қатысу ұзақтығының 11-ден 15 минутқа дейін ұзарғанын көрсетті. Педагогтердің сауалнамасы геймификацияның жоғары мотивациялық әлеуетін (87%), дегенмен әдістемелік қолдау қажеттілігін көрсетті. Ата-аналар балалардың эмоционалды жағдайының жақсарғанын (68%) және үй жағдайында белсенді ойнату керектігін (59%) атап өтті; сонымен қатар 18% сандық қосымшаларды шамадан тыс пайдалану қаупіне алаңдаушылық білдірді. Алынған нәтижелер инклюзивті мектепке дейінгі білім беруде геймификацияланған технологиялардың болашағының жоғары екендігін, сараланған әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған зерттеулердің қажеттілігін көрсетті.

