РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУҒА ҰШЫРАҒАН АЙМАҚТАРДА СИЫР СҮТІНІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611005Кілт сөздер:
Сүт өндірісі, радиациялық қауіп, Семей ядролық сынақ полигоны, радионуклидтер, сүт сапасы, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық мониторингАңдатпа
Бұл мақалада бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына (СЯСП) іргелес орналасқан аймақтарда өндірілетін сиыр сүтінің сапасы мен радиациялық қауіпсіздігі зерттелді. Зерттеу мақсаты — радиациялық ластануға ұшыраған аумақтардағы шаруашылықтарда өндірілетін сүттің құрамындағы радионуклидтерді (Cs-137, Cs-134, K-40, Ra-226, Th-232) анықтау және сүттің органолептикалық, физикалық-химиялық қасиеттерін бағалау арқылы оның қауіпсіздік деңгейін анықтау. Зерттеу барысында алынған нәтижелер сүт өнімдерінің радиациялық ластану деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы ветеринариялық-санитариялық шараларды әзірлеуге негіз болады. Аякөз, Үржар, Абай және Жаңасемей аудандарынан алынған сүт үлгілерінен радионуклидтер мөлшері әртүрлі деңгейде анықталды. Кейбір сынамаларда радиациялық ластану көрсеткіштері шекті рұқсат етілген деңгейге жақын немесе жоғары болды. Сонымен қатар, органолептикалық және физикалық-химиялық талдаулар сүттің бірқатар үлгілерінде сапа ауытқуларын көрсетті. Зерттеу нәтижелері Семей сынақ аймағына жақын орналасқан шаруашылықтарда өндірілетін сүттің сапасы мен қауіпсіздігін жүйелі бақылаудың қажеттігін дәлелдейді. Бұл мәліметтер радиациялық әсер аймақтарындағы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген шараларды әзірлеу үшін маңызды. Алынған нәтижелер қауіпті ластанған аймақтарда тұратын халықтың денсаулығын сақтау және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету үшін маңызды практикалық мәңге ие.

