БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРМЕН ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕГІ TRITICUM AESTIVUM L. ДӘНДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611085Кілт сөздер:
жаздық бидай, биологиялық препарат, тұқымдарды өңдеу, егістерді бүрку, түптену, гүлдену, өнімділікАңдатпа
Мақалада әртүрлі биологиялық препараттардың Triticum aestivum L. (жаздық бидай) дәнінің сапасы мен өнімділігіне әсері зерттелген. Зерттеудің мақсаты – өсімдіктердің өсуін ынталандыратын биостимуляторлардың тиімділігін тұқымды себуге дейінгі өңдеу және өсімдіктерді түптену, түтікке шығу және гүлдену кезеңдерінде бүрку кезінде бағалау. Зерттеу жұмыстары 2019-2021 жылдары «Заречное» ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының оңтүстік қара топырақ жағдайында жүргізілді. Зерттеуде Bacillus megaterium, Bacillus subtilis негізіндегі, сондай-ақ микроэлементтері бар хлорофилл-витамин-фунгицидтік кешен және арахидон қышқылы бар биопрепараттар қолданылды. Нәтижелер биостимуляторлардың егістік өнгіштігіне, өсімдіктердің тіршілік ету қабілетіне, тамыр жүйесінің дамуына және дән сапасының көрсеткіштеріне оң әсер ететінін көрсетті. Ең жоғары нәтиже арахидон қышқылы (0,3 г/л) бар препаратта байқалды: егістік өнгіштігі 99,8%-ға жетіп, өнімді түптену 1,9 есеге, ал масақтағы дән саны 1,3 есеге артты. Биологиялық өсімдік стимуляторларын қолдану дәннің ақуыз және клейковина мөлшерін арттырып, натурасын және технологиялық қасиеттерін жақсартты. Осылайша, арахидон қышқылы негізіндегі биопрепараттар жоғары тиімділігін көрсетті және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз интеграциялық егіншілік жүйелерінде қолдануға ұсынылады.

