ОҚУШЫНЫҢ СӨЗСАПТАМЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
сөйлеу мәдениеті, сөзсаптам, әлеуметтік даму, коммуникативтік құзыреттілік, тілдік әрекетАңдатпа
Мақалада оқушының сөзсаптамын дамыту үдерісінің әлеуметтік мәні терең қарастырылады. Автор қазіргі ақпараттық қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі мен сөйлеу дағдысының әлсіреуі оқушылардың тұлғалық қалыптасуы мен әлеуметтік белсенділігіне елеулі ықпал ететінін алға тартады. Зерттеу 2024–2025 оқу жылының бірінші жартысында 10-сынып оқушылары арасында жүргізіліп, педагогикалық бақылау, жазбаша және ауызша жұмыстарды талдау, сұхбаттасу әдістері қолданылды. Нәтижесінде оқушылардың сөйлеу деңгейі мен олардың әлеуметтік белсенділігі, өзін-өзі танытуы, көшбасшылық қабілеттері арасында тығыз байланыс бары дәлелденді. Эксперименттік сыныпта қолданылған диалогтік оқыту, пікірталас, жобалық тапсырмалар мен рефлексиялық жұмыстар оқушылардың тілдік қана емес, коммуникативтік және эмоционалдық қабілеттерін де арттырған. Автор сөйлеу мәдениетін дамыту тек грамматикалық машық емес, тұлғаның әлеуметтік интеграциясы мен өзіндік позициясын қалыптастырудағы шешуші фактор екенін дәлелдейді. Мақалада мұғалім рөлінің маңыздылығы, сөйлеу дағдысын дамытудың тиімді педагогикалық әдістері мен цифрлық құралдардың әлеуеті де талданған. Зерттеу қорытындысы бойынша, сөзсаптамды дамыту – оқушының сыни ойлауын, сенімділігін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіретін, нәтижесінде оның қоғамдағы белсенді мүшеге айналуына жол ашатын көпқырлы педагогикалық процесс ретінде қарастырылады.

