ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2612014Кілт сөздер:
ҚАЗТЕСТ, психометриялық талдау, Раш моделі, тыңдалым, оқылым, сенімділік, тілдік құзыреттілікАңдатпа
Бұл мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесінің тыңдалым және оқылым блоктары бойынша тест тапсырмаларының психометриялық көрсеткіштері Раш (Rasch) моделіне негізделіп, Winsteps 5.8.3.0 бағдарламасы арқылы талданды. Мұндай тәсіл тапсырмалардың сапасын, тест құрылымының теңгерімділігін және тестіленушілердің тілдік қабілеттерін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Талдау барысында тест элементтерінің қиындық деңгейі, сенімділігі, ажыратушылық қабілеті және тестіленушілердің нәтижелері қарастырылды.Нәтижелер ҚАЗТЕСТ тест тапсырмаларының сапасының жоғары екенін көрсетті: Item Reliability – 0.99, Person Reliability – 0.76, Cronbach’s Alpha – 0.84. Бұл көрсеткіштер тесттің ішкі біртұтастығы мен психометриялық тұрақтылығын дәлелдейді. Тыңдалым блогы бойынша мәліметтер тестіленушілердің мәтінді түсіну деңгейлері айқын ажыратылатынын көрсетті. Дегенмен төмен деңгейлі қатысушылардың нәтижелерін дәлірек анықтау үшін тыңдалым мәтіндерін екі рет тыңдату тәжірибесін енгізу ұсынылады.Оқылым блогы бойынша тапсырмалардың қиындық деңгейі –5.12 мен +2.63 logits аралығында бөлінді, бұл тесттің әртүрлі деңгейдегі тілдік құзыреттілікті сенімді өлшей алатынын дәлелдейді. Тапсырмалар мазмұнының және пішінінің үйлесімділігі тесттің валидтілігін қамтамасыз етеді.Жалпы зерттеу нәтижелері ҚАЗТЕСТ тесттерін психометриялық тұрғыдан жетілдіруге және халықаралық тілдік тестілермен үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды күрделілік деңгейіне қарай тең бөлу, когнитивтік дағдыларды қамтитын элементтер үлесін арттыру және Раш моделіне сүйеніп тест спецификацияларын қайта қарау ұсынылады. Бұл зерттеу ҚАЗТЕСТ жүйесінің сапасын арттыруға және оны халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған маңызды эмпирикалық негіз қалыптастырады.

