ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2622254Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, ағылшын тілін оқыту, ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ), жасанды интеллект, бейімделгіш платформалар, кеңейтілген шынайылықАңдатпа
Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар оқушыларға ағылшын тілін оқыту үдерісінде инновациялық сандық технологияларды интеграциялаудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді цифрландыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттілігімен негізделеді. Жұмыс барысында жасанды интеллект (AI), бейімделгіш платформалар, кеңейтілген шынайылық (AR) және дауыстық көмекшілер сияқты технологиялардың оқу үдерісіне әсеріне талдау жасалды. Көкшетау қаласындағы мектеп-интернат базасында жүргізілген эксперименттік зерттеудің нәтижелері сандық құралдарды қолдану ЕББҚ бар оқушылардың академиялық үлгерімін айтарлықтай арттырып (орташа балл 58,2-ден 73,6-ға дейін өсті), олардың оқуға деген мотивациясы мен танымдық дербестігін күшейтетінін көрсетті. Әсіресе, дамуында тежелуі бар және аутистік спектрі бұзылған балалардың лексикалық дағдылары мен тыңдалым қабілеттерінің жақсарғаны анықталды. Мақаланың қорытындысында инклюзивті сандық ортаны дамыту үшін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, IT-өнімдерді ұлттық контекстке сай локализациялау және сандық теңсіздікті жою мәселелеріне басымдық беру қажеттілігі негізделген. Сонымен қатар, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу білім алушылардың коммуникативтік кедергілерін жоюға және әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның білім беру мекемелерінде инклюзивті ағылшын тілі сабақтарын әдістемелік тұрғыдан жетілдіруге және оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне негізделген тиімді білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді.

