«КӨКШЕТАУ» МҰТП РММ АРЫҚБАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ГАЖ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОРМАН ӨСІМДІКТЕРІ ЖАМЫЛҒЫСЫН 2019-2024 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611129Кілт сөздер:
ГАЖ, орман жамылғысы, экожүйелік мониторинг, NDVI, динамика, Sentinel HubАңдатпа
Бұл зерттеу геоақпараттық жүйелер технологиялары мен қашықтан зондтау әдістерін қолдана отырып, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк Арықбалық филиалының орман өсімдіктері жамылғысының 2019-2024 жылдар аралығындағы динамикасын бағалауға арналған. Зерттеу барысында Sentinel-2 және Landsat серіктерінің деректері пайдаланылып, NDVI индексінің кеңістіктік-уақыттық өзгерістері есептелді және талданды. Алынған нәтижелер 2022 жылы орман жамылғысының жағдайының едәуір нашарлағанын көрсетті (орташа NDVI мәні 0,19-ға дейін төмендеді), бұл аймақта сол кезеңде байқалған аномалды құрғақшылық жағдайларымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, төрт орманшылықтың әрқайсысында динамиканың сипатында айырмашылықтар анықталды. Зерттеу геоақпараттық жүйелер технологияларының кең аумақты орман экожүйелерін тиімді мониторингілеудегі құнды құрал екенін растады. Алынған нәтижелер проблемалық аймақтарды нақтылауға және орман шаруашылығын жоспарлауға негіз бола алады. Практикалық ұсыныстар ретінде NDVI төмендеген учаскелерде жергілікті тексерулер жүргізу, сонымен қатар мониторингті жүйелі түрде жүргізу және алынған картографиялық материалдарды басқару шешімдерін негіздеу үшін пайдалану ұсынылады. Зерттеу алынған деректерді пайдаланып, экстремалды ауа-райы жағдайларының әсерін жеңілдету және ормандардың тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге негіз болуы мүмкін екенін көрсетеді.

