ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ІШКІ ТҰҚЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ СҮТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Губашев Нуркен Маратович «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»
  • Күлбаев Рұхан Мадиярович «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-9143-7264
  • Амангалиев Тлеген Гарипович «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» https://orcid.org/0000-0001-9138-3059
  • Шукуров Марклен Жексенович «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» https://orcid.org/0000-0002-9665-1814

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254183

Кілт сөздер:

қазақтың ақбас тұқымы, ішкі тұқымдық типтер, сүт өнімділігі, тірі салмақ, ет сапасы, селекция

Аңдатпа

Мақалада қазақтың ақбас тұқымы сиырларының әртүрлі ішкі тұқымдық типтерінің — анқаты ірілендірілген, шағатай мүйізсізі және заволжский типтерінің сүт және ет өнімділігін салыстырмалы бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі тұқымның генетикалық алуан түрлілігін тиімді пайдалану және ең өнімді генотиптерді анықтау арқылы етті мал шаруашылығының тиімділігін арттыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты — ішкі тұқымдық типтер арасында сүт өнімділігі, тірі салмақтың жасқа байланысты өзгеруі және бұқашықтардың ет өнімділігі бойынша айырмашылықтарды анықтау. Зерттеу материалдарына сиырлардың сүт өнімділігі жөніндегі, бұзаудың жасы мен жынысына байланысты деректер, сондай-ақ бұқашықтарды бақылау тәртібімен сойып тексеру нәтижелері енгізілді. Сүттілік бұзаулардың емізулі кезеңдегі массасы арқылы жанама әдіспен бағаланды. Ет өнімділігіне баға беру кезінде тірідей салмақ, ұша массасы, іш майының мөлшері және оның үлесі анықталды. Нәтижелер анқаты ірілендірілген типтің жоғары сүттілігімен, қарқынды өсуімен және жақсы сойыс сапасымен ерекшеленетінін көрсетті. Шағатай мүйізсіз типі төмендеу сүттілік пен аз жиналатын іш майымен сипатталады. Заволжский типі аралық орын алады. Алынған деректер ішкі тұқымдық жіктеудің селекциялық жұмыстағы маңызын дәлелдейді және жоғары өнімді табындар құруда, сондай-ақ етті мал шаруашылығының тиімділігін арттыруда пайдаланылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Губашев Нуркен Маратович, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент

  • Күлбаев Рұхан Мадиярович, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ

    PhD, аға оқытушы

  • Амангалиев Тлеген Гарипович, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

  • Шукуров Марклен Жексенович, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары