ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫ: ФАКТОРЛАР, САЛДАРЛАР ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611105Кілт сөздер:
жайылым деградациясы, экожүйе тұрақтылығы, топырақ тозуы, маусымдық жайылым айналымы, жайылым жүктемесі, Жамбыл облысы, NDVIАңдатпа
Бұл зерттеу Жамбыл облысының жайылымдық экожүйелерінің деградация деңгейін кешенді бағалауға, олардың қазіргі жағдайына әсер ететін негізгі табиғи және антропогендік факторларды анықтауға, сондай-ақ экожүйелердің қалпына келуін және экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ғылыми негізделген стратегияларды әзірлеуге арналған. Зерттеу барысында NDVI (өсімдік жамылғысының нормаланған айырма индексі) негізіндегі спутниктік мониторинг, далалық фитосоциологиялық зерттеулер, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге арналған зертханалық талдаулар, жайылымдық жүктемені модельдеу және геоақпараттық жүйелер (GIS) арқылы кеңістіктік талдау әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер Жамбыл облысындағы жайылымдардың шамамен 60-70%-ы орташа және жоғары деңгейде деградацияға ұшырағанын көрсетеді. Деградациялық процестердің негізгі себептері ретінде жайылымдық жүктеменің шамадан тыс болуы, суаттардың жеткіліксіздігі, жайылымдарды маусымдық алмастыру жүйесінің бұзылуы және климаттың аридтену үдерісінің күшеюі анықталды. Топырақтағы гумус мөлшерінің азаюы, оның тығыздығының артуы және өсімдік жамылғысының флористикалық құрамының қарапайымдануы деградацияның терең және жүйелі сипатта екенін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері ротациялық жайылым жүйесін енгізу жайылымдардың өнімділігін 20-45% арттыруға, өсімдік жамылғысының құрылымын жақсартуға және табиғи қалпына келу үдерістерін жеделдетуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Алынған деректер Жамбыл облысының жайылым ресурстарын тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға және олардың ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ғылыми негіз бола алады.

