«ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КУРСЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
желілік технологиялар, технологияларды қабылдау моделі (TAM), әлеуметтік әсер, қабылданған пайдалылық, орта білім беру, педагогикалық қолдау, құрылымдық модельдеу (SEM)Аңдатпа
Цифрлық білім беру ортасын дамыту және орта білім беру жүйесіне желілік және коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу білім алушылардың мамандандырылған IT курстарын қабылдау проблемасын өзектендіреді. Техникалық жарақтандырудың жоғары деңгейіне және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің инновациялық мәртебесіне қарамастан, оқушылардың "Желілік технологиялар" курсын қабылдауға және белсенді игеруге дайындығы, сондай-ақ осы процеске әсер ететін факторлар қосымша ғылыми талдауды талап етеді. Осы зерттеу Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының "Желілік технологиялар" курсының білімі мен практикалық құралдарын қабылдау және пайдалану ниетін айқындайтын факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеу әлеуметтік және мотивациялық айнымалылармен толықтырылған технологияларды қабылдаудың өзгертілген моделі (Technology Acceptance Model, TAM) шеңберінде орындалды. Зерттеу барысында сандық тәсіл қолданылды. Респонденттерді іріктеу мақсатты іріктеу әдісімен жүзеге асырылды. Онлайн-сауалнама Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің "Желілік технологиялар"курсын оқып жатқан немесе бұрын оқыған оқушылары арасында жүргізілді. Деректерді өңдеу SPSS пакетін және құрылымдық модельдеу әдісін (SEM) қолдану арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік әсер, курстың қабылданған пайдалылығы және оқудан алынатын жағымды әсер оқушылардың "Желілік технологиялар"курсын қабылдау және меңгеру ниетіне статистикалық маңызды әсер ететінін көрсетті. Әлеуметтік әсер қабылданған пайдалылық ниетке жанама әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар, курсты игерудің қарапайымдылығы оны қабылдау ниетіне тікелей әсер етпеді. Алынған нәтижелер оқушылардың "Желілік технологиялар" курсын қабылдау процесінде педагогикалық қолдау мен білім беру ортасының маңызды рөлін көрсетеді, сондай-ақ оқыту әдістемесін және курстың тәжірибеге бағытталған мазмұнын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

