САЯСИ ҚАҚТЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА АННЕНКОВ ӘСКЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫ БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541207Кілт сөздер:
азамат соғысы, анненков отрядтары, ақ қозғалысы, Шығыс Қазақстан, бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық, реквизициялауАңдатпа
Мақала Шығыс Қазақстан аумағындағы Азамат соғысы кезеңіндегі қарсыласулар контексінде атаман Анненков отрядтарының қызметін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені атаман Аннеков отрядының қызметі ұзақ уақыт бойы үзік-үзік түрде қарастырылып, өңірлік тұрғыда ғылыми назардан тыс қалған. Зерттеудің әдіснамалық негізі мынадан ерекшеленеді: тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи және жүйелік тәсілдердің үйлесуі Анненков құрамаларын тек әскери күш ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси феномен ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Архивтік материалдар мен тарихи зерттеулерді талдау негізінде аталған құрамалардың ұйымдастырушылық-репрессивтік әрекеттері, ақ қозғалыс құрылымындағы орны, сондай-ақ жергілікті халықпен өзара қарым-қатынас сипаты қарастырылады. Реквизиция жүргізу, мәжбүрлі міндеткерліктер жүктеу және заңсыз бейбіт тұрғындарды жазалау шараларын қоса алғанда, күш қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылады. Жұмыста атамандық отрядтардың қызметіне және олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізген ықпалына баға беріледі. Зерттеу Анненков құрамаларының репрессивтік тәжірибелерін және олардың бейбіт халық үшін туындатқан салдарын айқындап, қарастырылып отырған тарихи және өңірлік контексте азамат соғысы жағдайындағы зорлық-зомбылық динамикасы мен өмір сүру стратегияларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

