ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ИМПОРТТАЛҒАН ЖАҢҒАҚТАРДЫ САНИТАРЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SEPT2631033Кілт сөздер:
сапасы, қауіпсіздігі, ластануы, афлатоксиндер, грек жаңғағы, санитарлық бағалау, ҚытайАңдатпа
Жұмыстың мақсаты импортталатын жаңғақ өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау болды. Мақалада Қытай Халық Республикасынан әкелінген және Қазақстан Республикасының азық-түлік базарларында сатылатын жаңғақтардың сапасы мен қауіпсіздігіне санитарлық бағалау берілген. Зерттеудің өзектілігі халықтың жаңғақ тұтынуының жоғары деңгейімен, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және тарату шарттары сақталмаған жағдайда импорттық өнімдердің микотоксиндермен және басқа да қауіпті заттармен ластану қаупіне байланысты.
Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы сауда нүктелерінен жаңғақ үлгілері алынды. Бағалау органолептикалық, физика-химиялық және зертханалық әдістермен жүргізілді. Адам денсаулығына қауіп төндіретін ең улы және канцерогенді микотоксиндердің бірі афлатоксин B₁ құрамын анықтауға ерекше назар аударылды. Нәтижелер үлгілердің көпшілігі органолептикалық параметрлері бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті. Дегенмен, кейбір үлгілерде афлатоксин B₁ концентрациясы ең жоғары рұқсат етілген шектен асып кетті, бұл өндіру, сақтау немесе тасымалдау кезіндегі санитарлық талаптардың ықтимал бұзылуын көрсетеді. Алынған деректер негізінде Кеден шекарасында және ішкі нарықта жанғақ сату кезінде микотоксиндік ластану қаупін төмендетуге және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялықөсанитарлық бақылауды күшейту шаралары ұсынылды.

