ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ИМПОРТТАЛҒАН ЖАҢҒАҚТАРДЫ САНИТАРЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Аутелеева Лаура Тюлегеновна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Майқанов Балгабай «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Смагулова Аяна Сардарбековна ««Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631033

Кілт сөздер:

сапасы, қауіпсіздігі, ластануы, афлатоксиндер, грек жаңғағы, санитарлық бағалау, Қытай

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты импортталатын жаңғақ өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау болды. Мақалада Қытай Халық Республи­касынан әкелінген және Қазақстан Республикасының азық-түлік базарларында сатылатын жаңғақ­тардың сапасы мен қауіпсіздігіне санитарлық бағалау берілген. Зерттеудің өзектілігі халықтың жаңғақ тұтынуының жоғары деңгейімен, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және тарату шарттары сақталмаған жағдайда импорттық өнімдердің микотоксиндермен және басқа да қауіпті заттармен ластану қаупіне байланысты.

Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы сауда нүктелерінен жаңғақ үлгі­лері алынды. Бағалау органолептикалық, физика-химиялық және зертханалық әдістермен жүргізілді. Адам денсаулығына қауіп төндіретін ең улы және канцерогенді микотоксиндердің бірі афлатоксин B₁ құрамын анықтауға ерекше назар аударылды. Нәтижелер үлгілердің көпшілігі органолептикалық параметрлері бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті. Дегенмен, кейбір үлгілерде афлатоксин B₁ концентрациясы ең жоғары рұқсат етілген шектен асып кетті, бұл өндіру, сақтау немесе тасымалдау кезіндегі санитарлық талаптардың ықтимал бұзылуын көрсетеді. Алынған деректер негізінде Кеден шекарасында және ішкі нарықта жанғақ сату кезінде микотоксин­дік ластану қаупін төмендетуге және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған ветеринариялықөсанитарлық бақылауды күшейту шаралары ұсынылды.

Автор өмірбаяндары

  • Аутелеева Лаура Тюлегеновна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    PhD, қауымдастырылған профессор

  • Майқанов Балгабай, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    биология ғылымдарының докторы, профессор

  • Смагулова Аяна Сардарбековна , ««Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, PhD докторанты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар