МАЛ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ МАСТИТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН «DIP» ФОРМАСЫНДАҒЫ ФИТОБИОТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621005Кілт сөздер:
dip-өңдеу, антибиотикке төзімділік, ветеринариялық фитотерапия, мастит, соматикалық жасушалар, сүт сапасы, фитобиотиктерАңдатпа
Мастит – жануарлардың өнімділігінің тікелей төмендеуі, сүттің технологиялық және санитарлық көрсеткіштерінің нашарлауы салдарынан сүт фермаларының рентабельділігін төмендететін негізгі факторлардың бірі. Маститті емдеуде антибиотикотерапияны кеңінен қолдану микроорганизмдердің резистенттілігінің дамуына, сүттің, кейіннен сүт өнімдерінің контаминациясына және экологиялық қауіпсіздіктің бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты маститтің алдын алу арналған баламалы, экологиялық қауіпсіз құралдарды іздеу өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу сиырлар мен ешкілердегі маститтің алдын алу үшін фитобиотикалық «Dip» құралдың тиімділігін кешенді бағалауға бағытталған.
Эксперимент Ақмола облысындағы «Семенова» ЖК базасында Айршир тұқымды сиырлар мен Камори тұқымды ешкілерге жүргізілді. Тәжірибелік топтағы жануарлардың желін үрпілері әр сауымнан кейін 30 күн бойы фитобиотик ерітіндісі бар ыдысқа батыру әдісімен өңделді, ал бақылау топтарында өңдеу жүргізілмеді. Зерттеуде стандартты микробиологиялық әдістер (КМАФАнМ, БГКП, ашытқылар, зең саңырауқұлақтарын анықтау), сүттің физика-химиялық көрсеткіштерін талдау (май, ақуыз, лактоза, СОМО, тығыздық, соматикалық жасушалар саны) және CMT-тест қолданылды.
Нәтижелер фитобиотикалық құралды қолдану тәжірибелік топтардың сүтінде БГКП мен ашытқылардың толық элиминациясына әкелгенін, сондай-ақ желін бетінің жалпы бактериалдық ластануының айтарлықтай төмендегенін көрсетті (сиырларда КМАФАнМ 86,8%-ға, ешкілерде 53,4%-ға төмендеді). Тәжірибелік топтағы сиырлардың сүтінде май мөлшері 9,6%-ға, ақуыз 4,1%-ға, лактоза 5,5%-ға артты, ал соматикалық жасушалар саны 24,3%-ға төмендеді, ал бақылау тобында олардың саны 50%-ға артты. Тәжірибелік топтағы ешкілерде физика-химиялық көрсеткіштердің тұрақтануы және соматикалық жасушалар санының 38,1%-ға төмендеуі байқалды. Практикалық маңыздылығы – әзірленген құралды маститтің тиімді профилактикасы, сүттің санитарлық сапасын жақсарту және оның қоректік құндылығын арттыру үшін қолдану мүмкіндігін дәлелдеуінде, бұл сүтті мал шаруашылығындағы экономикалық шығындарды азайтуға ықпал етеді.

