ӘБІЛҒАЗЫНЫҢ «ШЕЖІРЕ-И ТАРАКИМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ НЕГІХДЕРІ: ТАРИХИ-ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУУЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611218

Кілт сөздер:

«Шежіре-и Таракиме» шығармасы, түркі халықтары, түркі өркениеті, ортағасырлық тарих

Аңдатпа

Мақалада Әбілғазының «Шежіре-и Таракиме» еңбегінде көрініс тапқан түркі халықтарының тұрмыстық жағдайы мен шаруашылық негіздеріне тарихи-деректанулық тұрғыдан талдау жасалды. Зерттеу барысында деректегі көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына негізделген шаруашылық құрылымдар, әлеуметтік және экономикалық қатынастар, сондай-ақ, күнделікті тұрмыс мәліметтері талданып, жүйеленді. Шығармада жазылған  шаруашылыққа қатысты мәліметтер сол кезеңдегі тарихи жағдай тұрғысынан қарастырылып, олардың ортағасырлық түркі қоғамының даму ерекшеліктерімен сабақтастығы анықталды. Сонымен қатар, «жұрт», «көші-қон кеңістігі», «әскери олжа», «салық тетіктері» секілді ұғымдардың мазмұны талданып, олардың экономикалық ұйымдасу мен билік құрылымындағы орны көрсетілді.Зерттеу барысында еңбектің жазылған кезеңі мен авторлық ұстанымының дерек мазмұнына ықпалы да назарға алынды. Әбілғазының шығармасы XVII ғасырда жазылуы онда келтірілген мәліметтердің белгілі бір дәрежеде сол дәуірдің саяси-идеологиялық талаптары мен  мен шежірелік дәстүрінің ықпалымен берілгенін көрсетеді. Осыған байланысты, дерек мәтініндегі тарихи мәліметтердің интерпретациялық сипаты ескеріліп, олардың шынайылық деңгейін анықтауда деректанулық сын тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, дерек мәліметтері басқа ортағасырлық жазба ескерткіштермен салыстырылып, олардың өзара толықтырушы сипаты анықталды. Зерттеу нәтижелері ортағасырлық түркі қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымын түсіндіруге және дала өркениетінің шаруашылық эволюциясын жаңа қырынан пайымдауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

  • Ташқараева Әсел Мұхтарқызы, Қазақ ұлттық спорт университеті

    PhD, сеньор-лектор, Ғылым бөлімінің жетекшісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02