ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2612175Кілт сөздер:
оқыту әдістемесі, арнайы тапсырмалар, ЕББҚО, инклюзивті білім беру, оқыту құралдары, оқыту нәтижелеріАңдатпа
Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде математика пәнін оқыту үрдісіндегі негізгі басымдылық - математикалық құзыреттілікті дамыту жолдары талданды. Алайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың (ЕББҚО) білім алудағы жеке жетістіктерін көтеру, математикалық білімін арттыру арқылы олардың үлгерімін сынып оқушыларымен теңестіру проблемасы өзекті болып табылады. ЕББҚО-ның таным әрекеттерінде өзіндік ерекшелік болғандықтан математиканы оқытуда қиындықтар орын алады, сондықтан да тиімді оқыту әдістері ізделінді. ЕББҚО-ға математиканы оқыту үрдісіндегі тиімді педагогикалық әдістер зерттелді, нәтижесі анықталды. Инклюзивті оқытудың ерекшеліктерін анықтау, ЕББҚО-ға математика пәнін оқытудың әдістерін педагогикалық қырынан негіздеу, оқыту әдістерінің қолданылуына бақылау жүргізу, ол әдістердің тиімділігін баға беру, нәтижелер арқылы педагогикалық ұсынымдар жасау бойынша жүйе тиімділігін берді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ЕББҚО-нің математиканы оқу үрдісіндегі жекелеген ерекшеліктерді, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өзара салыстырып, артықшылығын көрсету арқылы арнайы педагогика және математиканы оқыту әдістемесі бойынша жасалған жүйенің өз тиімділігін дәлелдеуінде. Қолданбалық мәні – математика пәні мұғалімдеріне ЕББҚО-мен жұмыс барысында жүйелі жасалған оқу материалдарын қолдануға ұсынылуында, ата-аналарға өзіндік жұмыс ретінде пайдалануға берілуінде.

