АЦЕТИХОЛИНЕСТЕРАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕТАЛЛОТОКСИКОЗДАҒЫ ЭРИТРОГРАММАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_1_3Кілт сөздер:
эритрограмма, металдар, токсикоз, ацетилхолинестераза, корреляцияларАңдатпа
Ацетилхолинестераза белсенділігінің жануарлар организміне қорғасын мен кадмий қосылыстарының төмен дозалы түсуі жағдайында эритроциттер пішінінің, мөлшерінің және санының өзгеруін бағалаудағы ақпараттылығы зерттелді. Зерттеу барысында токсикоз кезінде гемоглобин мен гематокриттің өзгеру бағытын анықтай отырып, егеуқұйрықтардың қанындағы эритроциттер саны (I топта-47,01%, II топта-52,71%, III топта – 29,12%) төмендегені
ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ВЕТЕРИНАРНЫЕ НАУКИ
4
анықталды. Металл коктейлін қолдану кезіндегі ығысу дәрежесі аз байқалды, бұл металдар арасындағы антагонистік қатынастардың болуын көрсетеді. Эритрограмманың есептік параметрлерінің шамасы (МСН, МСНС, MCV) қызыл жасушалар көлемінің ұлғаюын (макроцитоз), жасушалардағы ақуыздың «орамасының» сақталуы немесе шамалы азаюы кезінде оларда гемоглобин мөлшерінің артуын айғақтады. Эритроциттер гемолизатындағы ацетилхолинэстеразаның белсенділігі эксперимент барысында азайды және металл коктейлін енгізген кезде анағұрлым маңызды болды (56,37% - ға). Қорғасын токсикозы бар Фермент гемоглобинмен (r=0,73-0,92), кадмиймен - эритроциттер санымен (r=0,82-0,83) және гемоглобинмен (r=0,88), қорғасын-кадмиймен - эритроциттер санымен (r=0,79-0,86), гемоглобинмен (r=0,76-0,79) және ХНО (r= - 0,66 − -0,74).