ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ БАРЫСЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КІРІКТІРУ

Авторлар

  • Омарова Кунсулу Избасаровна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-1473-7420
  • Суюндикова Жанар Тулеутаевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0007-9526-8761
  • Баубекова Гаухар Коныспаевна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0001-6273-1819

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612231

Кілт сөздер:

цифрлық технологиялар, ұйымдастыру-педагогикалық жағдайлар, базалық құзыреттіліктер, STEAM технологиялары, Google Earth, геоақпараттық жүйелер

Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ жаратылыстану пән мұғалімдерінің оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы жаңа сын-қатерлермен, білім беру жүйесін жаңғырту үдерісімен, аудиториялық жүктеменің қысқаруымен, өзіндік жұмыстың үлесінің артуымен және үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделе алатын жан-жақты тұлғаны қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық- педагогикалық шарттарды, тақырыптық тапсырмаларды (веб-квест, бейнематериалдар, модельдеу және т.б.) және бағалау критерийлерін оқу үдерісінде жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында теориялық және эмпирикалық әдістер, атап айтқанда талдау, модельдеу, бақылау және сауалнама әдістері қолданылды. Бақылау практикалық және семинарлық сабақтар кезінде жүргізілді, ал цифрлық технологияларды лекциялық және практикалық сабақтарда қолдану нәтижелері, сондай-ақ Google Forms платформасы арқылы алынған сауалнама деректері суреттер мен графиктер түрінде жүйеленді. Зерттеу нәтижелері студенттердің цифрлық технологияларды қолдануы Microsoft Office бағдарламаларынан (Word, Excel, PowerPoint) басталып, жасанды интеллект құралдары мен геоақпараттық жүйелерді (ChatGPT, Google NotebookLM, Gemini, DeepSeek, Google Maps, Google Earth және т.б.) белсенді пайдалануға ұласатынын көрсетті. Цифрлық технологияларды қолдануға негізделген тапсырмалар студенттердің пәндік, зерттеушілік, талдамалық құзыреттерін және өзіндік жұмыс дағдыларын дамытуға оң әсер етті. Қорытындылай келе, оқу үдерісін оңтайландыруда және білім сапасын арттыруда цифрлық ресурстарды жүйелі қолданудың маңыздылығы дәлелденді.

Автор өмірбаяндары

  • Омарова Кунсулу Избасаровна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    география магистрі, жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы

  • Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

  • Суюндикова Жанар Тулеутаевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, аға  оқытушы

  • Баубекова Гаухар Коныспаевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогикалық білім магистрі, аға оқытушы, жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар