МОНОТІЛДІ БАЛАНЫҢ ПАЙДА БОЛМАУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
тіл саясаты, қазақ тілі , бала психологиясыАңдатпа
Қазақстан аумағында монотілді баланың пайда болмауының көптеген факторлары бар: тарихи фактілер, қазіргі балалардың тұтынатын контенті және т.б. Зерттеудің негізгі өзектілігі – монотілді баланың пайда болмау себептерін нақты ажыратып, соның негізінде тиімді шешімін ұсыну. Сол арқылы зерттеу жұмысының негізгі мақсаты айқындала түседі: балаларға арналған контентті кішірек кезеңнен бастап қамтамасыз ету арқылы баланың ойлау жүйесі мен тілі ана тілінде қалыптасып шығуына мүмкіндік туындайды. Зерттеу жұмысы келесідей міндеттерден тұрады: ең алдымен, монотілді баланың пайда болмауын нақты көрсету; екіншіден, балалардың қызығушылығынан қазақ тілінде контент ұсынуға бағыттау; үшіншіден, контент жасауда қазақ фольклорынан бастау алатын шығармалар мен көне жәдігерді жаңғырту. Дәл осы мақсат пен міндет нақты ажыратылған жағдайда балалардың ойлауы мен сөйлеу тілі қазақ тілінде қалыптасары сөзсіз. Зерттеудің басты құндылығы – қазақ шығармалары негізінде балаларға қажетті контентті сауатты формада ұсыну. Бұл орайда мақал-мәтел, жұмбақтардан бастап, «Қырымның қырық батырын», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырларын заманауи формада әрі қызықты форматта бере аламыз. Бұл тілдік саясат тұрғысынан да, балалардың қазақ мәдениетімен, салтымен де жан-жақты тануына, қазақ образдарына еліктеп, қазақша ойлауына бірден-бір көмегін тигізері анық.

