КЛИМАТТЫҚ СТРЕСС ЖАҒДАЙЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАС ДАҚЫЛДАРДЫ, БИОПРЕПАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ БҰРШАҚ-ТҰҚЫМДАС–АСТЫҚ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІЗІНДЕ АГРОЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621091Кілт сөздер:
препараттар, қара топырақ, бұршақ дақылдары, биоалуантүрлілік, агрожүйелердің тұрақтылығыАңдатпа
Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайындағы климаттық тұрақсыздық аясында агроэкожүйелердің тұрақтылығы мен өнімділігін арттыру мәселелері қарастырылады. Бұл өңірге жиі қайталанатын құрғақшылық, жауын-шашынның біркелкі түспеуі және вегетациялық кезеңде температуралық жүктеменің артуы тән. Зерттеуде бұршақ дақылдарын, атап айтқанда ноқатты енгізу, сондай-ақ бұршақ–дәнді дақылдар ауыспалы егіс жүйесінде биологиялық препараттарды қолдану агроөндірісті биологизациялаудың перспективалы бағыты ретінде қарастырылған. Еңбекте агротехнологиялық тәсілдердің топырақ құнарлылығына, су режиміне және дақыл өнімділігіне әсерін кешенді бағалауға бағытталған далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық көрсеткіштері, соның ішінде гумус мөлшері, макро- және микроэлементтердің құрамы, қышқылдық деңгейі, тығыздығы және ылғал сақтау қабілеті, сондай-ақ өсімдіктердің биометриялық параметрлері, жапырақ бетінің қалыптасу динамикасы мен биомасса жинақталуы зерттелді. Биопрепараттарды қолдану және тұқымды түйнек бактерияларымен инокуляциялау топырақтағы микробиологиялық процестерді белсендендіріп, азоттың қолжетімділігін арттырып, суды пайдалану тиімділігін жоғарылататыны анықталды. Сонымен қатар, топырақ құрылымы мен оның биологиялық белсенділігінің жақсаруы байқалды. Ұсынылған агротехнологияларды қолдану ноқат өнімділігінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, өнім сапасын арттырады және минералдық тыңайтқыштарға тәуелділікті төмендетеді. Жүргізілген экономикалық бағалау шығындарды оңтайландыру және өнімділікті арттыру есебінен рентабельділіктің жоғарылағанын көрсетті. Алынған нәтижелер биологизацияланған технологияларды енгізудің ауыл шаруашылығын өзгермелі климат жағдайларына бейімдеудің тиімді құралы екенін және қуаң аймақтарда тұрақты дамуды қамтамасыз ететінін дәлелдейді.

