ЖОО-ДА МЕМУАРЛЫҚ РОМАНДАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ: ӘДІСТЕМЕЛІК-ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

мемуарлық роман, тарихи сана, әдеби білім беру, оқыту әдістемесі, құндылық бағдар, шығармашылық ойлау

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орнында мемуарлық романдарды оқыту арқылы студент тұлғасын дамыту мүмкіндіктері кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағдарланған парадигмамен, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру және студенттің рефлексивтік ойлауын дамыту қажеттілігімен айқындалады. Мемуарлық прозаның жанрлық ерекшеліктері, оның өзге әдеби формалардан айырмашылығы деректілік пен көркемдіктің синтезі, авторлық «меннің» нарративтік құрылымға айналуы және өткен тәжірибенің қазіргі сана тұрғысынан қайта пайымдалуы негізінде сипатталады. Мақалада қазақ әдебиетіндегі классикалық мемуарлық романдарды оқыту арқылы студенттің патриоттық сезімі, адамгершілік құндылықтары, психологиялық тұрақтылығы мен өзін-өзі тану қабілетін қалыптастырудың әдістемелік жолдары талданады. Зерттеу барысында мәтіндік-талдамалық, нарратологиялық, биографиялық және әдістемелік модельдеу әдістері қолданылып, олардың оқу үдерісіндегі нақты қызметі көрсетіледі. Сонымен қатар, мемуарлық прозаны оқыту мазмұнында қарастырылатын негізгі тақырыптар мен мәселелер жүйеленіп, практикалық сабақ үлгілері мен тапсырмалар арқылы студенттің сыни ойлау, интерпретациялау және рефлексия жасау дағдыларын дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде мемуарлық романдарды оқыту тұлғаның когнитивтік, эмоционалдық және құндылық дамуын қамтамасыз ететін тиімді педагогикалық құрал екендігі дәлелденеді. Мемуарлық романдар студенттің жеке тәжірибесін мағыналандыруға, тарихи санасын қалыптастыруға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда мемуарлық прозаны оқыту қазіргі әдеби білім беру жүйесінде тұлға қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

Автор өмірбаяндары

  • Галымжанова Зәуре Тойшыбекқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD докторанты

  • Байтанасова Қарлығаш Медетқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар