«ЖҮРГІМБЕКОВ» ШҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ БАР ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ӨСУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ МЕН БИОХИМИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SEPT2631123Кілт сөздер:
қазақтың ақбас тұқымы, бұқашықтар, генетикалық әлеует, рацион құнарлылығы, азықтардың химиялық құрамы, қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері ақуыздық алмасу, ферменттер белсенділігі, өсу серпініАңдатпа
Мақалада Қостанай облысының «Жүргімбеков» шаруа қожалығы жағдайында толық құнды азықтандыру аясында әртүрлі генетикалық әлеуеті бар қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының биохимиялық мәртебесі мен өсу қарқындылығы зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде 8 айлық жастағы екі топ бұқашықтар алынып (әр топта 15 бас), олардың бірі – жергілікті малдармен будандастырылған будандар, екіншісі – «элита-рекорд» класындағы аналықтардан алынған таза тұқымды қазақтың ақбас бұқашықтары болды. Жануарлардың тәуліктік рационының қоректілік құндылығы классикалық Венде (Weende proximate analysis) жүйесі бойынша бағаланып, онда 84,2 МДж алмасу энергиясы және 1015 г шикі протеин қамтылды. Қан сарысуындағы жалпы ақуыз (68,4–74,2 г/л), альбумин (31,2–34,8 г/л), несепнәр (3,4–4,2 ммоль/л), креатинин (88,4–96,2 мкмоль/л), аспартатаминотрансфераза (64,2–71,5 Е/л), аланинаминотрансфераза (26,4–29,1 Е/л), сілтілі фосфатаза (115,2–132,4 Е/л) және глюкоза (2,6–3,1 ммоль/л) көрсеткіштері биохимиялық әдістермен зерттелді. Сонымен қатар бұқашықтардың тірілей салмақ динамикасы анықталып, 15 айлық жаста І топта 397,0 кг, ІІ топта 424,2 кг деңгейіне жетті. Интенсивті өсу кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім І топта 890,6 г, ІІ топта 933,8 г құрады. Зерттеу нәтижелері теңгерілген рациондардың жануарлар организміндегі зат алмасуды оңтайландырып, физиологиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейде сақталуын қамтамасыз ететінін көрсетті. Жоғары генетикалық әлеуетке ие II топ бұқашықтары биохимиялық көрсеткіштері, абсолюттік және орташа тәуліктік өсім энергиясы бойынша І топтан статистикалық тұрғыдан сенімді жоғары нәтижелерге қол жеткізді (p≤0,05; p≤0,01). Алынған нәтижелер толық құнды азықтандыру мен жоғары селекциялық құндылықтың ет бағытындағы ірі қара өнімділігін арттырудағы маңызын дәлелдейді.

