ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ӘСЕРІН СТАТИСТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621290Кілт сөздер:
FAOSTAT, азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығы, астық өндірісі, өнімділік, статистикалық-экономикалық талдау, корреляциялық-регрессиялық талдау, климаттық тəуекелдер, Тəжікстан РеспубликасыАңдатпа
Қазіргі жағдайда климаттың өзгеруі ұлттық аграрлық азық-түлік жүйелерінің тұрақты жұмыс
істеуін жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету перспективаларын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. Ең жоғары осалдық жер жəне су ресурстары шектеулі, ауыл шаруа
шылығы табиғи-климаттық жағдайларға қатты тəуелді жəне халық санының өсуі əлі де жалғасып
жатқан елдерге тəн. Тəжікстан Республикасы осындай мемлекеттердің қатарына жатады. Ел
аумағының 90 %-дан астамын таулы өңірлер алып жатыр, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің
көлемі табиғи жағдайлармен шектелген, ал өсімдік шаруашылығының тиімділігі негізінен мұздықтар
мен өзендердің су ресурстары есебінен қалыптасатын су қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығына тəуелді. Сонымен қатар ауа температурасының жоғарылауы, атмосфералық жауын-шашын
режимінің өзгеруі, мұздықтар аумағының қысқаруы, құрғақшылықтың қайталану жиілігінің артуы
жəне климаттық құбылмалылақтың күшеюі аграрлық сектордың тұрақты дамуы мен халықты
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қосымша тəуекелдер туғызады. Зерттеудің мақсаты – климаттық, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің ұзақ мерзімді өзгеру үрдістерін талдау, сондай-ақ олардың арасындағы өзара байланыстарды сандық тұрғыдан бағалау негізінде климаттың өзгеруінің Тəжікстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне əсеріне кешенді статистикалық-экономикалық бағалау жүргізу. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ұзақ мерзімді салыстырмалы ресми статистикалық деректер негізінде климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығының
дамуы жəне Тəжікстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің жекелеген индикаторлары арасындағы өзара байланыстарға кешенді статистикалық-экономикалық бағалау жүргізуінде көрініс табады. Бұрын жарияланған зерттеулердің басым бөлігінен айырмашылығы, бұл жұмыста талдау климаттық, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бірыңғай жүйесі шеңберінде жүзеге асырылды, бұл климаттың өзгеруі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігінің қалыптасуындағы сандық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нəтижелерді мемлекеттік аграрлық саясатты жетілдіруде, ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеудің ұлттық бағдарламаларын əзірлеуде, азық-түлік қауіпсіздігі тəуекелдерін бағалауда, жер жəне су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруда, сондай-ақ Тəжікстан Республикасының аграрлық азық-түлік кешенінің тұрақты дамуының ұзақ мерзімді стратегияларын қалыптастыруда пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

