АІЖ АУРУЛАРЫ БАР МЫСЫҚТАР МЕН ИТТЕРДЕН БӨЛІНГЕН ШАРТТЫ-ПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ МИКРОБҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРЫНА РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ
АІЖ АУРУЛАРЫ БАР МЫСЫҚТАР МЕН ИТТЕРДЕН БӨЛІНГЕН ШАРТТЫ-ПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ МИКРОБҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРЫНА РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_3%20Кілт сөздер:
АІЖ аурулары, E. coli, Klebsiella, Citrobacter, Enterobacter, Proteus, антибиотикке төзімділікАңдатпа
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, сондай-ақ шартты патогендік микроорганизмдер арасында бактерияға қарсы препараттарға төзімділік кең таралған. Микробқа қарсы препараттарға төзімді бактериялардың штаммдарынан туындаған, сондай-ақ асқынған аурулар ұзақ ағыммен сипатталады және аурудың одан әрі болжамын нашарлатады. Зерттеудің мақсаты мысықтар мен иттердегі асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде шартты патогенді энтеробактерияларды оқшаулау, микробқа қарсы препараттарға фенотиптік және генотиптік төзімділікті анықтау болды. Зерттеу объектісі Қостанай қаласының ветеринариялық клиникаларында алынған асқазан-ішек жолы ауруларының клиникалық көріністері бар ұсақ үй жануарларынан алынған биологиялық материал болды. Зерттеуге барлығы 108 сынама алынды. Биологиялық материалдан 57 микроорганизмдер бөлініп, анықталды: E. coli (n=33), Klebsiella (n=6), Citrobacter (n=5), Enterobacter (n=7), Proteus (n=6). Микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау спектрі әртүрлі фармакологиялық топтардың 21 антибиотиктерін құрады. Зерттеулер нәтижесінде энтеробактериялардың барлық 57 изоляттары полирезистентті болды. Штаммдар тетрациклиндер мен бета-лактамдар тобының бактерияға қарсы препараттарына қатысты ең жоғары резистенттілікті көрсетті, ал меропенем, стрепатомицин және гентамицин әсеріне сезімталдығы байқалды. Микроорганизмдердің көпшілігінде бета-лактамдарға (n=16) және аминогликозидтерге (n=28) төзімділікті кодтайтын гендер анықталған.
Ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруының "Бактерияға қарсы препараттарға төзімділік детерминанттарының таралуы" AP09058122 жобасы шеңберінде орындалды.