MORAXELLA BOVIS ЖӘНЕ MORAXELLA BOVOCULI ИЗОЛЯТТАРЫНЫҢ МИКРОБҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРҒА СЕЗІМТАЛДЫҒЫ
MORAXELLA BOVIS ЖӘНЕ MORAXELLA BOVOCULI ИЗОЛЯТТАРЫНЫҢ МИКРОБҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРҒА СЕЗІМТАЛДЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_30Кілт сөздер:
ірі қара мал, Moraxella bovis, Moraxella bovoculi, жұқпалы кератоконъюнктивит, микробқа қарсы сезімталдық, төзімділікАңдатпа
Ірі қара малдың көз аурулары малға айтарлықтай зиян келтіріп, өнімділігі мен асыл тұқымдық құндылығын төмендетеді. Соңғы онжылдықта Moraxella bovis және Moraxella bovoculi бактериялары тудыратын, ірі қара малдың жұқпалы кератоконъюнктивиті ең кең тараған. Әртүрлі генотиптерден жоғары генетикалық әртүрлілік және төмен айқас иммунитет, арнайы профилактикалық агенттерді (вакциналарды) кеңінен қолданудың тежеушісі болып табылады, бұл күрестің алдыңғы қатарында арнайы микробқа қарсы препараттармен емдеуді қояды. Бұл жұмыста ірі қара малдың жұқпалы кератоконъюнктивитті тудыратын патогенді моракселласының негізгі микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау нәтижелері берілген. 2018 - 2021 жылдар кезеңінде әртүрлі тұқымды ірі қара малдан алынған M. bovis және M. bovoculi изоляттары дискілік диффузиялық әдіспен, микробқа қарсы препараттарға сезімталдығы анықталған. M.bovis изоляттарына ең жоғары белсенділікті Rifampicin, Azithromycin, Ampicillin, Ampicillin+Sulbactam, Cefuroxime, Amoxicillin, Lomefloxacin, Ofloxacin, Chloramphenicol, Ciprofloxacin көрсеткен. M.bovoculi изоляттарына ең жоғары белсенділігі Ampicillin, Ceftriaxone, Penicillin, Amoxicillin анықталған. M. bovocoli изоляттары арасында жоғары төзімділік байқалды.