КӨК-САҒЫЗ (TARAXACUM KOK-SAGHYZ RODIN) ТАМЫРЫНАН ИНУЛИНДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛУ
КӨК-САҒЫЗ (TARAXACUM KOK-SAGHYZ RODIN) ТАМЫРЫНАН ИНУЛИНДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_79Кілт сөздер:
көк-сағыз, инулин, фруктозидтер жəне фруктозандар, полифруктан, HPLC, тамырдың құрғақ салмағы, калибрлеуАңдатпа
Бұл мақалада көк-сағыз бақбағының (Taraxacum kok-saghyz Rodin) тамырынан инулинды алу және оның сандық мөлшерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Табиғи каучукпен қатар көк-сағыз бақбағы инулин өндірушісі болып табылады. Инулин, өз кезегінде, қант алмастырғыш, қант диабетімен ауыратындарға арналған тағамдарға арналған дәм күшейткіш болып табылады және медицинаның салаларында қолданылады. Көк-сағыздың үш популяциясынан алынған тұқымдар; Сарыжаз, Кеген, Тұзкөл Алматы қаласында өсірілді. Бұл жұмыста көк-сағыздың вегетациялық кезеңінің соңында құрғақ тамырынан инулинді анықтау және алу бойынша тәжірибелер жүргізілді. Негізгі міндет инулиннің ең көп мөлшерін құрғақ тамырдан алу болды. Қыркүйек айының соңында инулиннің мөлшері ең жоғары мәнге жетті, яғни 24%. Бұл гектарына 500 000 өсімдіктен алынған инулиннің күтілетін өнімі негізінде 282,0 кг/га құрады. Ал сол уакытта, кок-сагызда каучуктың мөлшері тамырдың құрғақ салмағының 22% - ын құрайды. Жұмыста тамырдан инулин алудың екі негізгі әдісі қолданылды: алынған моносахаридтерді HPLC талдауы арқылы ферментативті гидролиз, фруктозидтер мен фруктозандар арасындағы айырмашылық бойынша инулинді анықтау, фруктоза бойынша полифруктандардың жалпы сандық мөлшерін анықтау.