ЖОҢЫШҚА ТОПТАМАСЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫНАНЫҚТАЙТЫН БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Кенебаев Аманкелді Тұрғамбекұлы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Ержанова Сақыш Таңырбергенқызы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Есімбекова Минура Ахметовна «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Абаев Серік Сарыбайұлы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_132

Кілт сөздер:

жоңышқа, ген қоры, түптену, көкбалауса, жапырақтылық

Аңдатпа

Оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында жоңышқаның егістік (Medicago sativa) және өзгермелі (Medicago varia Mart.) түрлерін құнды сортүлгілерінің топтамасын селекцияға пайдалану үшін зерттеулер жүргізілді. Танаптық тәжірибе 2019 жылы салынды, шаруашылық-бағалы белгілері есепке 2019-2021 жылдары алынды. Зерттеу нысандары әр түрлі эколого-географиялық аймақтардан алынған 134 сортүлгілері, стандарт ретінде – Семиреченская местная сорты алынған. Генотиптерді зерттеу нәтижесінде түптену төмендегі егістік жоңышқа үлгілері жақсы нәтиже көрсетті: (к-14) АҚШ-тан, (к-5677) Италиядан, (к-315) Франциядан, (к-5677) Италиядан, (к-267) Өзбекстаннан алынған, олар стандарттан үш жылда орта мөлшермен 11-12 түпке артық болды. Ал өзгергіш жоңышқадан: к- 39932 Канададан, (к-26713) Украинадан, (к-47492) Қазақстаннан, (к -23206) Украинадан, (к-34627) Қазақстаннан алынған үлгілер стандарттан 3-5 түпке артық нәтиже берді. Жапыақтылығы бойынша егістік жоңышқа ең жоғарғы нәтиже көрсеткен үлгілер: (к-45479) Россиядан және (к-5677) Италиядан, ал өзгергермелі жоңышқа бойынша: (к-31885) Россиядан, (к-33299) Канададан, (к-39932) Канададан, (к-61324) Қазақстаннан алынған үлгілер. Жоңышқаның екі түрінде де жапырақтылық 51,0 – 52,3 % аралығында өзгерді, ол стандарттан 23,2-36,5 % артық.

Автор өмірбаяндары

  • Кенебаев Аманкелді Тұрғамбекұлы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    Аул шаруашылығы ғылымдарының магистрі, мал азықтық дақылдар зертханасының ғылыми қызметкері

  • Ержанова Сақыш Таңырбергенқызы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    Аул шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мал азықтық дақылдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері

  • Есімбекова Минура Ахметовна, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    Биология ғылымдарының докторы,  егістік дақылдарының генофонд зертханасының меңгерушісі

  • Абаев Серік Сарыбайұлы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, мал азықтық дақылдар зертханасының меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары