ЛЕПТОСПИРОЗ КЕЗІНДЕГІ ІРІ ҚАРА МАЛ ҚАНЫНДАҒЫ ЭТИОПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Авторлар

  • Киркимбаева Жұмагүл Слямбекқызы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Бияшев Біржан Қадырұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Ермағамбетова Светлана Емлсқызы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Сарыбаева Динара Амангелдіқызы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_3

Кілт сөздер:

лептоспироз, қан, гематология, патогенез, анемия, гемаглобинурия, сарғаю

Аңдатпа

Бұл жұмыста лептоспирозбен ауыратын малдың клиникалық көрінісін, патоанатомиялық өзгерістерін, қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері берілген. Ауырған жануарларда анемияның және созылмалы қабыну процесінің дамуымен сипатталатыны және гемоглобин деңгейінің 120,6±5,4 г/л-ге дейін, эритроциттер деңгейінің 4,61±0,39 млн/мкл-ге дейін төмендеуі, эритроциттердің шөгу жылдамдығының 2 ,5-4,0 мм/сағ дейін жоғарылауы анықталды. Био­химиялық көрсеткіштерден жалпы белоктың 70,5±1,1 г/л төмендеуі, АЛТ және АСТ деңгейінің сәйкесінше 98,59±3,2 және 167,75±8,8 бр/л-ге дейін жоғарылауы, жалпы билирубин 21 ,95±1,08 мкмоль/л, сонымен қатар креатининнің 142,21±8,3 мкмоль/л дейін және несептің 21,71±0,33 ммоль/л дейін жоғарылауы байқалады. Алынған нәтижелер лептоспирозда болатын патологиялық процестерді ғылыми жұмыстарда сипаттаған ғалымдардың деректерін растайды. Бауыр ферменттерінің санының артуы лептоспира арқылы гемолитикалық токсиндердің бөлінуімен байланысты болуы мүмкін, ал билирубин деңгейінің жоғарылауы өт жолдарының зақымдалуын көрсетеді. Мұндай өзгерістер лептоспиралардың патогендік факторларынан туындаған этиопатогенездегі ауру жануардың организ­мінде дамуының салдары болып табылады және анемиямен, гемоглобинуриямен және шырышты қабықтардың және терінің сарғаюымен сипатталатын осы ауру үшін ерекше патологиялық-анатомиялық көріністі тудырады.

Автор өмірбаяндары

  • Киркимбаева Жұмагүл Слямбекқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі

  • Бияшев Біржан Қадырұлы , Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    ветеринария ғылымдарының докторы, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профес­сор

  • Ермағамбетова Светлана Емлсқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры

  • Сарыбаева Динара Амангелдіқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    PhD докторы, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар